АЛҒЫ СӚЗ «Цитология және гистология» пәні ағзалардағы жасушалар мен
ұлпалардың құрылысын, қызметтерін және дамуын зерттейтін ғылым
болғандықтан биологиялық білім беру жүйесінде орыны ерекше.
Жасушалардың құрылыстарын, құрамын, қызметтерін, кӛбеюлерін білу
барлық ұлпалар мен мүшелердің және тұтас ағзаның жасушалардан
тұратынын кӛрсетеді. Сонымен қатар, барлық ағзаның құрылымдық және
функционалдық бірлігі жасуша екеніне кӛз жеткізеді. Ал, ұлпалардың
құрылысын, дамуы мен қызметтерін білу, мүшелердің, мүшелер жүйесінің,
тұтас ағзаның тіршілік әрекетін дұрыс түсіну үшін қажет.
Цитология
және
гистологияның
әртүрлі
әдістерін
қолданып,
эксперименттер жүргізу арқылы жасушалар мен жасуша аралық заттардың
нәзік құрылысын анықтауға болады. Ұлпалар құрамындағы жасушалардың
пішіні мен ӛзара бір-бірімен байланыста болатынын микроскоптық және
ультрамикроскоптық деңгейде зерттеу оларға тән қасиеттерді анықтауға
мүмкіндік береді.
Цитология және гистология теориялық пән болғанымен, олардың
практикалық маңызы ерекше. Жасушаның кӛбеюі жасуша тіршілігінің
маңызды қасиеті болып табылады. Кез келген жасуша басқа жасушаның
бӛлінуінен түзіледі. Жасушаның бӛлінуі мүшелердің ӛсуін, ағзалардың
кӛбеюін және зақымдалған ұлпалардың регенерациясын қамтамасыз етеді.
Цитологиялық мәліметтер жасушаның тұқым қуалайтын материалымен
тығыз байланысты. Тұқым қуалайтын материалдар жасушаның ядросында
сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Тұқым қуалайтын материалдың
саны мен құрылысының ӛзгеруi ауыр патологияларға алып келедi. Сондай
патологиялардың пайда болу механизмдерін білу үшін цитологиялық
зерттеулердің маңызы зор.
Гистологияның мәліметтері ағзадағы мүшелер мен мүшелер жүйесінің
қалыптасуы барысындағы түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет.
Қалыпты жағдайдағы мүшелер мен мүшелер жүйесінің құрылысы және
қызмет ерекшеліктерін білмей, олардың құрылысындағы патологиялық
ӛзгерістерді кӛріп түсінуге болмайды.
Биология ғылымы ағзалар құрылысын зерттейтін морфологияға және
ағзаның қызмет ерекшелігін зерттейтін физиологияға бӛлінеді. Ал, цитология
мен гистология және эмбриология - морфологиялық ілімге жатады.