1.6.1 Клетка мембранасы Клетка мембранасы – жасушаны сыртынан қоршап тұрады, қалыңдығы
6-10 нм. Жасуша мембранасының кӛптеген моделдерінің ішінде,
мембранаға толық сипаттама беретін Г.Никольсон мен С.Сингердің 1972
жылы ұсынған «сұйық-мозаикалы» моделі. Бұл модель бойынша мембрана
липидтер молекуласының екі қабатынан және белоктордан тұрады.
Мембрананың құрамында липидтер 40% жуық, белоктар 60% жуық,
кӛмірсулар 10% жуық болады. Липидтердің құрамында фосфолипидтер,
сфинголипидтер, холестирин де бар.
Биологиялық маңыздылығына байланысты мембрана белоктары келесіге
ажыратылады:
- ферментті белоктар;
- тасымалдаушы белоктар;
- рецепторлық белоктар;
- құрылымдық белоктар.
Жасуша мембранасының атқаратын қызметтері сан алуан: