55
орналасқан,
гидрофильді.
Ӛскіндері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан,
гидрофобты
.
Осындай билипидті қабаттан тұратын мембранада белоктардың
орналасу тәртібі әртүрлі (25-сурет):
1. Интегральді белоктар – билипидті қабатты тесіп ӛтіп, бойлай
орналасады;
2. Аралық белоктар - билипидті қабаттың ішінде орналасады;
3. Шеткі белоктар - билипидті қабаттың ішкі және сыртқы
беткейліктерінде орналасады.
Плазмолемма басқа мембраналарға қарағанда холестиринге бай
келеді, оның фосфолипидтерінде қаныққан май қышқылдары басым болады.
Плазмалық мембрананың құрамында 30 жуық түрлі ферменттер анықталған,
жиі кездесетіндері Na
+
және К
+
иондарымен белсенділігін арттыратын Mg-
ге тәуелді АТФ-аза, сілтілі және қышқыл фосфатаза, аденилатциклаза, РНҚ-
аза. Аталған ферменттердің ішінде ең маңыздысы Na
+
және К
+
иондарымен
белсенділігін арттыратын Mg-ге тәуелді АТФ-аза, ӛйткені иондардың
плазмолеммадан ӛтуінде маңызды рӛл атқарады.
Плазмолемманың ішкі бетіне жанасып цитоплазманың беткі бӛлігі
немесе кортикалді қабаты жатады. Кортикалді қабатта органеллалар
болмайды, оның есесіне цитоплазманың фибриллалық элементтері –
микрофиламенттер мен микротүтікшелер кӛп кездеседі. Кортикалді қабат
жасуша бетіндегі түрлі ӛсінділерді түзеді. Жарық микроскопымен тегіс
болып кӛрінетін жасушалардың бос беті, шын мәнісінде ирек-ирек болып
келеді.
Кейбір жасушалардың бетінде саңылау мен ойыстар, екіншілерінде
псевдоподиялар деп аталатын ӛсінділер, үшіншілерінде микробүрлер мен
кірпікшелер болады. Бетінде қатпарлар болатын жасушалар да кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: