Медицина кафедрасы


Жұмсақ дәрілік түрлердің рецептурасы және технологиясы



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата18.05.2022
өлшемі495,18 Kb.
#143766
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)

Жұмсақ дәрілік түрлердің рецептурасы және технологиясы
Жақпа май - Unguenta
(ілік сеп. - unguentum) сыртқы қолдануға арналған 
жұмсақ дозаланбаған түрлері. Жақпа майы құрамында дәрілік зат және майдың 
негізі болады. Оның консистенциясы мен жабысқақтығы бойынша май негізі 
ерітілген шошқа майына ұқсас, соның арқасында ол тері қабаттарында оңай және 
берік сақталады.
Жануарлардан алынатын майлардан қолданылады: 
1. тазартылған шошқа майы (adeps suillus depuratus) 
2. сиыр майы (sebum bovinum) 
3. сар майы (Butyrum vaccinum) 
Өсімдік майларына жатады: 
1. зығыр-oleum lini 
2. күнбағыс-oleum helianthi 
3. шабдалы-oleum persicori 
4. Бадам – oleum amyqdalari 
5. зәйтүн-oleum olivari 
6. жүгері – oleum maydis 
Минералды майларына жатады:
1.вазелин-vaselinum 
2. ланолин ( қой майы) – lanolinum 
3. қатты парафин-paraffinum solidum 
4. балауыз сары және ақ-cera flavum, cera alba 
5. церезин (озокерит тазартылған тау балауызы) - ceresinum 
6. вазелин майы – oleum vaselini 
7. Нафталан майы-unguentum naphthalanum 
Беттік әсерге арналған минералды немесе өсімдік тектес майлар, ал жануар 
тектес майларға терең (резорбтивті) әсер ету үшін дайындалады. Жақпа майларда 
әсер ететін әртүрлі механизмдерге ие дәрілік заттар (тұтқыр, қабынуға қарсы
кератолитикалық, кератопластикалық, тітіркендіргіш) жағылу орнында ғана әсер 
ете отырып, қажет болған жағдайда теріге терең сінеді. 
Кейбір майлы негіздердің сипаттамасы. 
Мінсіз майдың негізі жоқ. Мүмкіндігінше индефференттік қасиеттің 
бейтарап реакциясының май негіздерін пайдаланады. Өсімдік және жануар тектес 
майлар әр түрлі дәрілік заттармен жақсы араластырылады, жақсы сіңеді бірақ 
сақтау кезінде бұзылып және еркін май қышқылдары, альдегидтер пайда болады. 
Олар дәрілік заттармен химиялық өзара әрекеттесіп одан кейін жанама әсер етеді.
Іс жүзінде келесі майлы негізді жиі қолданады: вазелин-vaselinum ақ-album және 
сары-flavum. Бұл минералды зат 37-50 градус температурада ериді, бейтарап 
реакция, тұрақты, беттік әсер етеді. 
Ланолин-қой майы. Сусыз ланолин өз салмағының 150% - ға дейін су сіңіруі 
мүмкін, бұл ретте тұтқыр жақпа тәрізді консистенцияны сақтайды. Таза түрде 
және басқа да негіздермен бірге қолданылады: минералды, өсімдік, жануар тектес. 


Ланолин-Lanоlinum 2 түрге бөлінеді Су-hydricum және Сусыз - anhydricum 30 
бөліктен судан және 70 сусыз бөліктен тұрады. Негізі тұрақты, теріге жақсы сіңеді 
(әсіресе өсімдік майы қосылған кезде).
Шошқа майы-Аdeps suillus. Ішкі майын алады. 34-36 градус температурада 
ериді, негізі тұрақсыз, тез бұзылады. Ұлпаларға терең сінеді. 
Сиыр майы-ірі қара малдың ерітілген майы, 53 градус температурада ериді, 
жылдам бұзылады.
Балауыз ақ және сары 63-65 градус температурада ериді. Майларды тығыздау 
үшін және олардың тұтқырлығын арттыру үшін қызмет етеді.
Рецептіде жақпа майларды толық (жеке құрамдас бөліктерін көрсете отырып) 
және қысқартылған (дәрілік заттың құрамы % және жақпа майларының жалпы 
санын көрсете отырып) нысанда жазып береді. 
Жазу түрлері: 
1. магистральдық яғни дәрігердің жазбалары бойынша жасалған 
2. ресми-фармакопеяға жазылған 
Май жазу үшін білу керек: 
1. жақпа майлардағы дәрілік заттың құрамы (% концентрациясы) 
2. шығарылатын жақпа майларының жалпы көлемін 
Ереже: 
1. Егер май негізі көрсетілмесе, фармацевт вазелинде жақпа майды дайындайды 
2. Егер % концентрациясы көрсетілмесе фармацевт 10% жақпа майды 
дайындайды.
Мысал. Ихтиол жақпа май дәрісінен 30,0 жазып беріңіз: 
Толық түрі 
Rp.: Ichthyoli 3,0 
Vaselini ad 30,0 
M.f. unugentum 
D.S. Сырттан, жараға жағуға 
Қысқартылған түрі: 
Rp.: Unguenti Ichthyoli 10% - 30,0 
D.S. Сырттан,жараға жағуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет