Медицина кафедрасы



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата18.05.2022
өлшемі495,18 Kb.
#143766
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)

Паста. Pasta 
– концентрациясы тығыз жұмсақ жақпа май дәрісі, сырттан 
қолдануға арналған.
Паста құрамы: 
1. дәрілік зат 
2. құрғақ зат 25% - 75% (amylum, тalcum, bolus album) 
3. жақпа негізі, жиі вазелин. 
Жақпа майға қарағанда тығыз консистенцияға ие бола отырып, паста терінің 
бетінде ұзақ сақталады, әсер жергілікті көрсетеді, ал терінің бетіне орауышпен 
бекітіп салады. 
Жазу тәсілдері: 1. кеңейтілген (толық) және 2. қысқартылған 
Мысал. 6% мырыш пастасың 30,0 жазып беріңіз: 
Толық түрі 
RpZinci Oxydati 1,8 
Talci 7,5 


Vaselini 20,7 
M.f. pasta 
 
D.S. Сырттан, жараның бетіне орауышпен бекітіп салуға 
Негізгі затты табамыз 
6,0-100,0 
Х-30,0 
Х=1,8 
Құрғақ заттардың проценті берілмеген, ендеше 25-75 % шегінде жұмыс істеуге 
болады. 
25,0-100,0 
Х-30,0 
Х=7,5 
Үшінші компонент - майлы негізді табу үшін дәрілік зат пен құрғақ затты 
қосамыз. 1,8+7,5=9,3 және оларды пастаның жалпы көлемінен аламыз.
30,0-9,3=20,7 
Қысқартылған түрі: 
Rp.: Рastae Zinci Oxydati 6% - 30,0 
D.S. Сырттан, жараның бетіне орауышпен бекітіп салуға 
 
Линименттер
– (Linimentum, ілік сеп.- linimenti) – сұйық жақпа майы 
жануарлардың дене температурадасында ериді, сылап жағуға арналган дәрілік 
түрі. Линименттер түрінде тітіркендіргіш, қабынуға қарсы, паразиттерге қарсы
бөртпеге қарсы және басқа да дәрілер қолданылады. Линименттің құрамы - 
дәрілік зат, линименттің негізі – бейтарап сұйық майлар (мысалы, зығыр – oleum 
lini, күнбағыс – oleum helianthi, вазелин-oleum vaselini). Линименттердің әсері 
қысқа емес, сондықтан оларды тәулігіне 3-4 рет бірнеше тәулік бойы қолданады. 
Линименттер мөлшерленбеген дәрілік түрлер және жалпы санымен 
жазылады. Магистральды линименттер ашық түрде, ал ресми түрде қысқартылған 
жазба бойынша жазылады. Линименттерді қолданар алдында шайқау керек. 
Ереже: 
Егер, рецепттың шартында жақпа май негізі көрсетілмесе, онда фармацевт 
құнбағыс немесе зығыр майында, егер концентрациясы көрсетілмесе, онда 10%
линимент дайындайды.
 
Мысал. 5% хлороформды (Chloroformium) линимент түрінде 100,0 жазып беріңіз: 
Толық түрі 
Rp.: Chloroformii 5,0 
Olei lini ad 100,0 
Misce, fiat linimentum. 
D.S. Сырттан, жараға сылап жағуға. 
Қысқартылған түрі: 
Rp.: Linimenti Chloroformii 5% - 100,0 
D.S. Сырттан, жараға сылап жағуға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет