I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет123/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   249
СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯ 
 
Сенсорлы алалияның негізгі белгілері, ол есту-сөйлеу анализаторы 
қызметінің бұзылу салдарынан болған сөйлеу тілін түсінбеуі. Ол
доминантты жартышардағы самай бөлігінің зақымдануынан пайда болады. 
Соның салдарынан, бас миының қабығына өтетін дыбыс 
қоздырғыштарының жеткіліксіз талдап жинақтауына әкеп соғады, одан соң 
дыбыстық бейнемен, ол белгілеген зат арасында байланыс болмайды. 
Балалар айтқан сөзді естігенімен, түсінбейді, себебі, қабылдап алатын
сөйлеу тіл механизміндегі, дыбыстарды ажыратуы дамымаған. Бас мидың 
жасушалары жетілмегендіктен, дыбысталған сөздің әсерінен қозулар басқа 
анализаторларға тарамайды, сөзбен байланысты бар күрделі динамикалық 
құрылым қозбайды. Сенсорлы алалияда, сөйлеу тілінің дыбыстары алғашқы 
талдаудан өтетін есту-сөйлеу анализаторының қабықша аяғының (жоғарғы 
самай қатпарларының жасушаларында — Гешль ілмегі) аналитика-
синтетикалық іс-әрекетінің ауыр бұзылысы байқалады. Бұл балаларда 
фонематикалық 
қабылдауы, 
акустикалық-гностикалық 
процестері 
қалыптаспаған, сөйлеу тіліндегі дыбыстарды қабылдау қабілеті төмен. 
Фонемаларды ажырата алмауы, сөзді толық түрде қабылдамауы байқалады, 
Сенсорлы алалия моторлы алалияға қарағанда аз зерттелген. Кейбір 
жағдайда, оны аталмыш бұзылысы бар балалар санының аздығымен 
байланыстыруға болады. Оны дифференциалды түрде диагностикалау және
бұзылыстың басқа түрлерінен ажырата білу қиындық туғызады. Сенсорлы
алалия мәселесі оны зерттеу тарихы бойы аса көп пікірталастарды 
туындатты. Уақыт өте келе, диагностикаға деген талаптар өзгертіліп 
отырады, бұзылыстың түсінігі кейде азайып, кейде өзектіге айналды.
Сенсорлы алалияны өз бетінше бұзылыс ретінде қарастыру мәселесі,
бүгінгі куні де, кейбір зерттеушілерде күмән тудырып отыр, олар «диагноз 
кейде қажетсіз, негізсіз қойылады» деуде. Бала айтқан сөзді түсінбесе, немесе 
жеткіліксіз түсінсе, оның есту қабілетінің жағдайы туралы сұрақ туындайды. 
Көптеген арнайы зерттеулер көрсеткендей, көбінесе сенсорлы алалиясы бар 
балаларда тональды (физикалық) естуінің сәл ғана төмендеуі байқалады 
екен, алайда ол, сөзді түсінуінің дамуындағы айтарлықтай тежелуді 
туындатпайты. Мысалы, Н. Н. Трауготт: 6м. қашықтықтан айтылған сөзді 
естіген балалар туралы айтады — бұл қалыпты есту қабілетіндегі сөзді 
қабылдаудың орташа деңгейі, бірақ, балалардың зияты қалыпты болғанымен, 
естігеннің мәні оларға түсініксіз болып қала берді. Зерттеушілердің пікірі 
бойынша, егер сенсорлы алалияда есту қабілеті төмен болса да, сөйлеу 
тілінің дамымауында ол жетекші (негізгі) емес. Қабылдаудың жеткіліксіздігі 
есту қабілетінің төмендігімен емес, бас ми қабығының ерекше жағдайымен 
байланысты. 


244 
Ю. А. Флоренскаяның айтуы бойынша, сенсорлы алалияда (сенсорлы-
акустикалық синдромында) акустикалық қозғыштықтың және есту 
функциясының әлсіздігінің ерекше жағдайы байқалады.
Оның салдарынан есту реакциялары тұрақсызданып, естіп ажыратудағы 
қиындықтар, естіп талдап жинақтауының жеткіліксіздіктері пайда болады.
Сенсорлы алалиясы бар балалардың есту қабілетін тексеру өте қиын, 
арнайы электроакустикалық аппаратурада тексергенде есту қабілетінің 
тұрақсыздығы байқалады: жиілігі мен дауысының қаттылығы бірдей 
сигналдар бірде қабылданады, бірде қабылданбайды. 
Сенсорлы алалиядағы есту зейіні мен қабылдау ерекшеліктері, олардың 
баяулығы, тұрақсыздығы, тербелісі ( баланың есту қозғыштарына деген есту 
реакцияларының 
тұрақсыздығы) 
есту 
қабілетін 
дұрыс 
бағалауды 
қиындатады. Дыбысқа деген реакция оның интенсивтілігінен тікелей тәуелді 
емес. Шартты есту зейінінің бұзылысы байқалады: балалар тындамай, 
дыбыстарды естімейді, тез шаршайды, алаңдап тұрады, дыбысталуларғы 
деген қызығушылықтарын жоғалтып алады, есту функциясы тежеледі. 
Аудиометриялық зерттеулер бірнеше рет өткізіліп, бала жағдайға үйреніп, 
тапсырмаларды дұрыс түсінген жағдайда аса сенімді болады. Баланың есту 
қабілетінің жағдайы жөнінде соңғы қорытынды тек қана, бірнеше 
аудиограммаларды салыстырғанда, дұрыс көрсеткіштердің орнына 8-10 
зерттеулердің мәліметтеріндегі жақын сәйкестіктерді алғанда ғана 
шығарылады. 
Есту анализаторының естіп өткізу функциясын сақталған жағдайда 
балаларда дыбысты кеңістікте шоғырландыру білігі жоқ, естіп есте 
сақтауының 
бұзылуы 
айқындалып, 
дыбыстық 
қоздырғыштарға 
индифференттілік байқалады. Бағытталған сигнал (ересек адамның сөзі) 
баланың оны түсінуіне, қызығушылығына және жауап беруге ұмтылыс 
жасауы үшін өте әлсіз болады. Зейінді қатыстырмау және оның тез тежелуі 
— жеткіліксіздік сипатына тән белгілер. 
Н. Н. Трауготт, С. И. Кайданова (1975) сенсорлы алалиясы бар балаларда
жиілігі жоғары тондарды нашар еститіні, тональды (сөзсіз) және сөзді 
естудің бұзылысы болытыны туралы айтады: балаларда, оған жеткілікті 
дауыс қаттылығында дыбыстық қозғыштарға деген шартты 
байланыстардың пайда болуы қиындайды.
Қалыпты жағдайда, сөйлеу тілін түсіну, қабылдайтын сөздерді ажыратудан 
танудан басталады, мұнда әр түрлі дыбыстардан сөз құралатындай жүйке 
байланыстары пайда болады. Сөздегі дыбыстар белгілі бір кезектілікте 
айтылып қабылданады. Дыбысталу мен мән арасында байланыстар 
белгіленіп, байланыстар жүйесі құрылады.

Біртіндеп, дыбыстар кешенімен 


көру кешендерінің ассоциациясы пайда болып, бекітіледі.
Сенсорлы алалияда сөзбен зат (іс-әрекет) арасындағы байланыс 
қалыптаспайды. Бұл құбылысты зерттеушілер тұйықтаушы акупатия деп 
атайды. Сенсорлы алалиядағы есту қабілетінің жеткіліксіздігін зерттеушілер 
бас миының жетілмей қалған немесе зақымдалған клеткаларының 


245 
зақымдану аясының көлемімен, баланың бас миында шоғырланған 
зақымдардың шағын сипатымен түсіндіреді.
Кейде сенсорлы алалиясы бар балалар естімейтіндерге және нашар 
еститіндерге арналған арнайы мекемелерге негізсіз жіберіліп жатады.
Н. Н. Трауготт (1940), арнайы мектептегі 200 керең оқушыны зерттегенде, 
оның 8-інде, есту қабілетінің бұзылысы деп белгіленген, сенсорлы 
бұзылыстарды айқындады.
Сенсорлы 
алалиядағы 
түсінудің 
бұзылуының, 
есту 
қабілетінің 
төмендігіндегі бұзылысынан едәуір айырмашылығы бар. Бақылаулар 
көрсеткендей, нашар еститіндердің қабылдау шегі нақты және тұрақты, ол 
төмен болса дыбыс сигналдарын ажарату мүмкін болмайды. Сенсорлы 
бұзылыс болса, есту қабілетінің төмендігінен қабылдаудың нақты шегінің 
жоқтығымен ажыратылады, балада есту функциясының тұрақсыздығы 
байқалады: дауыс қаттылығы бірдей сигналдар бірде қабылданып, бірде 
қабылданбайды. Ол баланың аса тежелгіштігі немесе қозғыштығына, оның 
соматикалық және жүйке жағдайына, психикалық белсенділігіне, қоршаған 
орта ерекшеліктеріне, тексеру жағдайына, сигналдарды беру тәсілдеріне 
және тағы басқа факторларға байланысты.Бас миының жетілмеуі немесе ерте 
зақымдануы, жоғарғы жүйке процестерінің дұрыс өтуіне мүмкіндігі жоқ,
жетілмеген мидың жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейде балалар айналасындағылардың сөзін таңертең жақсы қабылдайды — 
түнгі ұйқыдын соң бас ми қабығының қызмет функциясы жоғары, ал кешке
шаршаған соң, сөзді ұғынуы қиын болады. Басқа жағдайларда, балалар сөзді 
кешке жақсы ұғады, себебі, таңертең әлі де түнгі ұйқының тежелгіш фоны 
әсер етеді, жаттығулардан соң, қабылдауы жақсарып, бас миының 
клеткалары қызмет ритміне қосылады. 
Айтылған сөздің дауысының қаттылығын көбейткенде нашар еститін 
балалардың түсінуі жоғарылайды, ал сенсорлы алалиясы бар балалада 
керісінше болады. Аса күшті қоздырғыштар бас миының қабығында шектен 
аса шыққан қорғаныш тежеліс туындатады, жетілмей қалған клеткалар 
функциональды блокада жағдайына ұшырайды, тежелу процесі жоғарылап, 
клеткалар іс-әрекеттен шығып қалады. Сенсорлы жеткіліксіздігі бар бала
дауыс қаттылығы жоғары, айқайға қарағанда, ақырын, қалыпты сөйлеу тілін 
әдетте, жақсы қабылдайды. Естуді күшейткіш аппараттарын қолдану нашар 
еститіндердің қабылдауын жақсартқанымен, сенсорлы алалиясы бар 
балалардың қабылдауын жақсартпайды. Сенсорлы алалиясы бар балалардың 
есту қабілетінің жағдайы туралы бірдей пікір болмағанымен, жеке 
зерттеулерде жиіліктің барлық диапазонында естудің сәл ғана төмендеуі 
байқалатыны, есту зейіні мен қабылдауында аса жоғары әлсіздік болатыны 
туралы айтылады.
Сенсорлы алалияда қабылдау мүмкіндігі дыбыстық қозғыштардың жету 
темпіне, 
олардың 
арасындағы 
интервалдан, 
қабылдауға 
берілген 
дыбыстардың сапасынан тәуелді болады. Таза тондар нашар қабылданады. 


246 
Нашар еститіндермен салыстырғанда сенсорлы алалиясы бар балаларда
гиперакузия жиі кездеседі — айналасындағыларға қызықсыз дыбыстарды 
аса сезіну: қағаз мыжығандағы дыбыс, қораптағы сіріңке шилерінің дыбысы, 
тамшылаған су дыбысы,ақырын шыққан сықыр дыбысы т.б. Нашар еститін 
балалар бұл сигналдарды қабылдай алмайды. Сау адамдар бұл дыбыстарды 
естиді, бірақ оларға шаршамаған, ашуланбаған болса немесе жақсы көңіл-
күйде болса оларға мән бермейді. Сенсорлы алалиясы бар балалар мұндай 
дыбыстарды 
жақсы 
қабылдаап, 
оларға 
реакциясын 
білдіреді: 
тынышсызданып, жылап, құлағы, басы ауырғанына немесе басқа қолайсыз 
сезімдеріне шағымданады. Бұл тағы да, баланың есту қабілетінің сақтаулы 
екенін дәлелдеп, «үйренбеген дыбысталулар кейде бас ми қабығының 
жетілмеген клеткаларына аса күшті қоздырғыш» болып табылады. Сенсорлы 
алалиясы бар бала кейде кез келген дауыс қаттылығындағы таныс емес 
дыбыстарды мүлдем елемейді

Сенсорлы алалиясы бар балалар күрделікті айналасындағылардан естіп 
қабылдаған жеке буындарды, дыбыс қосындыларын, сөздерді және қысқа 
фразаларды аяқ астынан, арнайы оқытусыз қайталауы мүмкін, алайда 
қайталауы тұрақсыз болады. Есту қабілеті ауыр деңгейде бұзылған балалар
өз бетінше қоршаған ортадан сөздермен фразаларды меңгере алмайды. 
Дыбыстарға еліктеу сенсорлы алалияда тұрақсыз және көбінесе жағдайға 
байланысты. Сенсорлы бұзылысы бар балалар затпен оның атауы 
арасындағы байланысты түсінбеуімен сипатталады, оларда естіген 
сөздерімен өздері айтқан сөздер арасында заттық сәйкестік қалыптаспайды.
Баланың енжар сөздігі тұрақсыз және белсендіден едәуір артта қалады.
Бала көбінесе затты кез-келген жағдайда атай алғанымен, оның атауын тек 
қана жеке , белгілі бір жағдайда ғана таниды. Есту қабілеті
 
бұзылған 
балаларда арнайы оқыту нәтижесінде сөзбен зат арасындағы байланыс тез 
арада белгіленеді, және де ол байланыс тұрақты болып табылады. 
Нашар еститін баламен сенсорлы алалиясы бар баланың дауыстары әртүрлі. 
Нашар еститін балада дыбысталуы, дауыс қаттылығы жоқ, сөйлеуінің 
интонациясы жеткіліксіз, эмоциялық жағынан айқын емес. Ал сенсорлы
алалиясы бар балаларда дауысы қалыпты, олар дыбыстармен сөздерді дұрыс 
модуляциямен, интонациямен айтады. Нашар еститін балалар сенсорлы 
алалиясы бар балалармен салыстырғанда қарым-қатынасқа тез түседі. Осы 
және басқа да белгілер педагогтардың бала бойындағы бұзылысты дұрыс 
белгілеуге көмектеседі. Дұрыс диагностикалау, түзете-тәрбиелеп әсер етуде, 
аса тиімді құралдарды тандауды қамтамасыз етеді.
СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Сөйлеу есту анализаторының жетілмеу деңгейлері, сөйлеу қимыл 
анализаторының деңгейлеріндей әртүрлі болып келеді, осының салдарынан 
түсіну бұзылыстарының белгілерінің көптігі болады. Аса күрделі 


247 
жағдайларда бала айналасындағылардың сөзін мүлдем түсінбейді, оны, мәні 
жоқ шу ретінде қабылдайды, басқалар оның атын атағанда да ешбір белгі 
танытпайды, сөзсіз сипаттағы шумен сөйлеу тілінің дыбыстарын 
ажыратпайды, кез келген сөздік және сөзсіз дыбыс қоздырғыштарын 
елемейді. 
Басқа жағдайларда бала жеке тұрмыста қолданатын сөздерді түсінгенімен, 
жайылма сөйлемдер көлемінде оны жоғалтып алады. Кейде фразаның мәнін 
түсінумен салыстырғанда, жеке сөздерді бала түсінуде көп қиналады. Оған 
айтылған сөздердің барлығын түсіне қоймай, бала қате қабылдап, қате 
реакция білдіруі мүмкін. 
Кейбір балалар талап етілген қарапайым тапсырманы қиналмай 
орындағанымен, нақты жадайдан тыс уақытта нұсқаудағы сөздерді 
түсінбейді, яғни фразаның жалпы мағынасы жеке сөздермен салыстырғанда 
жеңіл қабылданады. Біртіндеп бала дыбыстарды тындайды, бірақ оның 
назары әлі көп уақытқа дейін тұрақсыз тежелгіш болып қала береді. 
Фонематикалық қабылдауы баяу дамиды, әрі көпке дейін қалыптаспаған 
болып қала береді. 
Сенсорлы алалиясы бар балалар үшін белгілі бір жағдай үлкен роль 
атқарады. Балалар айтылғанның мазмұнын белгілі контекстте ғана түсінеді. 
Олар формасы өзгерген сөздердің мәнін түсінбей қалады, кейде балалар сәл 
күрделенген тапсырмаларды түсінбейді, қате айтылғанды дұрыс жауаптан 
ажырата алмайды. Кейбір балалар айтылғанды оның темпі
 
өзгергенде 
түсінбейді, біртиптес акцентті - буындық құрылымдағы сөздерді 
шатастырады, дыбысталуы бойынша жуық сөздерді айрықша ретінде 
қабылдайды. Балалар кейде оларға айтылған сөзді қайталауды өтініп, 
бірнеше рет қайталағанды ғана түсінеді, себебі, бір реттік қоздырғыш 
қабылдауға аз болады. Есту қоздырғышын бекіткен кезде қабылдау процесі 
жақсарады. 
Зейінін қосу, ауыстыру, бөлуде қиындықтар байқалады. Бала дыбысты, оған 
айтылған сөзді бірден қабылдай алмайды, сыртқы қоздырғыштардың 
әсерінен, кейде онсыз да көңілі басқа жаққа ауып кетеді. Естіп 
қабылдауының баяулығы да өзіне назар аудартады.
Бір нәрсені ұқпай қалса, бала бірнеше рет өзгертілмей қайталанған сөздің 
мағынасын өзі таба алады. Кейде таныс сөздерді тануы да қиындық 
туғызады. Өз қайталап айта алатын сөздерді ғана түсінетін балалар да 
кездеседі. Қабылдау кезінде қайталап айту түсінуді жақсартады, себебі, ол өз 
айтуының кинестезияларымен бекітіледі. Көбінесе балалар сөйлеп тұрған 
адамның бетіне қарайды. Бұл жағдайда, түсінуі есту әсерінің көру 
анализаторымен бекітілу есебінен жақсарады — беттен оқу; қабылдауына
көру қоздырғышы қосылуы акустикалық әсерді күшейтеді. 
Сенсорлы алалиясы бар баланың дамуының барлық кезеңдерінде онда есту 
зейіні мен қабылдауының тұрақсыздығы байқалады: зейінің қосу және 
шоғырландырудағы қиындықтар, оның тұрақтылығы мен бөлінуі, аса
жоғары алаңдаушылық, тежелгіштік, зейіннің үзілмелі болуы. 


248 
Кей жағдайларда бала тек қана бір адамды – анасын, педагогты түсінуі 
мүмкін, және дәл сол сөзді басқа адам айтқанда түсінбейді. Мұнда дыбысқа 
деген реакциясы дыбысталудың дауыс қаттылығына байланысты емес. 
В. К. Орфинская, Н. Н. Трауготт және басқа зерттеушілердің 
жұмыстарында көрсетілгендей, сенсорлы алалияда фонемаларды ажыратуы, 
сөздің морфологиялық құрамына фонематикалық талдау мен жинақтау 
жасауы бұзылған. Дәл осы аталғандар бұзылыстың ерекшелігін белгілейді. 
C. С. Мнухин балаларда кездесетін сенсорлық-афатикалық (афазиялық) 
бұзылыстарды бірнеше түрге бөледі: сенсорлы афазия (афазиямен алалияны 
ажыратпай), акустикалық агнозия (дыбыс көзінен дыбысты ажырату, 
дыбыстың көзін таппау, танымау), акустикалық белгілердің бұзылуы 
(дыбыс қоздырғыштарын танымау), акустикалық белгімен акустикалық 
агнозияның үйлесуінің бұзылуы. Бұзылыстың сипатына қарамастан бұл 
жағдайларда сөз түсінуі бұзылады. 
В. К. Орфинская сенсорлы бұзылыстардың әр түрлі нұсқаларын бөліп отыр,
жеке дыбыстарды және дыбыстар қатарын ажырату бұзылыстары,
дыбыстармен 
дыбыс 
қосындыларын 
ажырата 
алғанымен, 
сөздегі 
дыбыстардың қатарын, олардың қосындыларын қабылдауының бұзылуы. 
Н. И. Красногорскийдың айтуы бойынша, егер сөздер, бала естіген сөз 
тітіркендіргіштері ретінді болса, және де үнемі сөзесту және 
сөзкинестетикалық 
анализаторларда 
бірінші 
сигналді 
жүйенің 
тітіргендіргішімен сәйкестенетін болса, соңғы аталғандар олармен 
тұйықтасып шарттырефлекторлы байланыстарды құрайды. Бірінші сигналді 
жүйенің тітіркендіргіштері сөз белгілеріне ие болып, сөз оларды оларды 
ауыстырады. Зерттеушілердің бақылауынша, қалыпты дамыған балада 
мағыналық байланыс 3-5 сәйкестіктен соң тұрақталады. Сенсорлы алалиясы 
бар балаларда бұл байланыс қиындатылған болып келеді: шартты 
рефлекторлы реакция саналы түрде орта есеппен алғанда 20-25 сәйкестіктен 
кейін пайда болады. 
Сенсорлы алалиясы бар балалар сөйлеу тілін түсінбей, өз сөйлеу тілі де 
бұзылысқа ұшырайды. Ауыр түрлерінде сөйлемейтін, түсінбейтін бала 
мазасызданып, тәртібі өзгереді: бала ойнап, секіріп, ойқайлап, секіріп, 
тарсылдатып, ретсіз әрекеттер жасайды. Кейде ондай балалар мейірімді, 
ұялшақ, сәл де болса өз кемшілігін түсінетін болып келеді.
Қарым-қатынас жасау үшін балалар ым –ишара қолданады. Әуен тындап, 
әндерге тандау білдіреді. Тыныштықта балалар тынышталып, қатты сөйлеген 
сөздерді естігенде – мазасызданады. Олар, қаратпа сөздерді түсінбей, 
интонацияның өзгеруіне дұрыс әрекет білдіреді. Ойын кезінде 
модуляцияланған былдырмен сөйлейді. Біртіндеп, былдыр белсенді сөз 
қорына дейін жетіледі, алайда сөздерінің дыбыстық және құрылымдық жағы 
бұрыңғыдай, бұрмаланған болады, сөздердің мағынасын түсінуі қиын.
Кейін бала қоршаған дыбыстарды тындап, кейбіреуін саналы түрде 
қабылдап, қоршаған өмірдегі құбылыстармен сәйкестей бастайды. Сөйлеген 
адамдарға реакция ретінде, сенсорлы алалиясы бар балада сөздердің 


249 
үзінділері, эмоциялы сезімді білдіретін, бірақ жағдайға тікелей байланысы 
жоқ, алайда оның сөйлеу белсенділігін білдіретін сөздері пайда болады. 
Кейіннен, дами келе, жағдайға сай, жеке сөздерді түсінуі және жеке сөздер 
мен сөз тіркестерін қолдануы тұрақталады. Былдыр сөздерінде жағдайға сай 
емес жеке сөздермен, үзінділер пайда болады. Бала айтқан сөздерлің 
мағынасы тұрақсыз. Белсенді сөз қорындағы сөздер саны енжар сөздігінен 
мол. 
Сөздердің дыбыстық және буындық құрамы бұрмаланған кезде көптеген 
ізденулер пайда болады, бала өзінің сөйлеуінің өнімділігіне сенімсіз, 
адекватты кинестезияларды іздейді: асық – «сық», «асыық», «аасық» т.б. 
Дыбыстарды диффузды түрде ажырата алмай қабылдаудың арқасында 
сөйлеген кездегі қателер пайда болады. Бала біртіндеп өз қателерін түсіне 
бастайды: «Жоқ, мен дұрыс айтпадым». 
Кейде бала өзіне таныс сөздердің барлығын байланыссыз айтуы мүмкін 
(логоррея), естігенін сөзін немесе сөз тіркесін қайталайды; бұрын немесе 
осы сәтте естіген сөздерді қайталайды — эхолалия. Мағынасын түсіне алмай, 
бала сөздермен, сөз тіркестерін жаңғырық тәрізді қайталайды. Эхолалиялық 
түрде айтылған сөздерін бала түсінбейді және есінде сақтамайды. 
Сөздерінде екпін қоюдағы қателер, дыбыстарды дұрыс айтпай кету,
буындарды алмастыру, бұрмалау байқалады. Көп жағдайда бұрмалау мен 
алмастыру тұрақсыз сипатта болады, бала сөзді әрбір жаңа қайталауында 
бұрмалаудың жаңа түрін айтуы мүмкін. Сөздердің эквиваленттері (дыбыстық 
кешендер) заттармен сәйкестене бермейді. Экспрессивті сөйлеу тіліндегі 
бұрмалаулар өзінің және айналасындағылардың сөйлеу тілін қабылдаудың 
жеткіліксіздігінен болады.
Бұрмаланған сөйлеу тілін сенсорлы алалиясы бар бала қарым-қатынас 
құралы ретінде қолдана алмайды. Сөйлеу тілін түсінуі мен өз сөйлеу тілінің 
бұзылуының деңгейінен тәуелсіз, сенсорлы алалиясы бар баланың тұлға 
дамуының, тәртібінің, әсіресе эмоция-ерік аясының, зиятының дамуының 
екіншілік бұзылуы байқалады. Сөйлеу тілі бұл баланың іс-әрекетінің және 
тәртібінің реттегіші бола алмайды.
Сөздердің мағынасының тұрақсыздығы, дыбыс айту бұзылыстарының 
салдарынан балалар сөз нұсқауларын сенімсіз орындайды, түсінбегенде бір 
бірінің көзіне қарап көмек іздейді. Тұрмыстық аяда тапсырманы 
орындағанда, бала лексикалық мәніне назар аударып, грамматикалық жағына 
қарамайды.
Балалар өздеріне айтылған немесе оқылған әңгімені ұзақ уақыт тындай 
алмайды. Мағынасын түсінбей, олар тынбамай, қызығушылық танытпайды. 
Жаңа сөздерді балалар баяу меңгереді. Сөйлеу тіліне сынсыз қарайды, тәртібі 
ретсіз, импульсивті түрде әрекет жасайды. Сенсорлы алалия шынайы түрде 
сирек кездеседі. Мектепке дейінгі және мектеп түріндегі арнайы мекемелер 
тәжірибесінде басқа сөйлеу тіл патологиясының екіншілік белгісі ретіндегі, 
сенсорлы-акустикалық 
жеткіліксіздігі 
бар 
(сенсорлы-акустикалық 
жеткіліксіздік синдромы) балалар кездеседі. Мысалы, дислалия, ринолалия, 


250 
дизартрияда дыбыстық жағының бұзылуы біріншілік (фонетикалық 
жеткіліксіздік) болған жағдай.
Баланың сөйлеу тілінің және сөзсіз әрекеттерінің жағдайын тиянақты түрде 
бақылап, арнайы тереңдетілген түрде тексеру ақаудың табиғатымен сипатын 
анықтауға, кемістік құрылымындағы негізгі ақауды (сенсорлы немесе 
моторлы аясының) белгілеуге және түзете-тәрбиелеудің тиімді жолдарын 
белгілеуге мүмкіндік береді.
СЕНСОРЛЫ АЛАЛИЯДАҒЫ ТҮЗЕТЕ ӘСЕР ЕТУ ЖҮЙЕСІ 
 
Сенсорлы алалияда логопедиялық әсер ету сөйлеу тілінің құрамын саналы 
түрде талдауға үйретуге, фонематикалық қабылдауын дамытуға, сөз 
құрылымын түсінуге бағытталады.
Сенсорлы алалиясы бар балаларды оқытқан кезде әрекетті дамытуға, сөйлеу 
тілінің дыбыстық және морфологиялық талдауын қалыптастыруға 
бағытталған арнайы әдістер қолданылады. Бұл жерде өз сөйлеу тілін 
түсінудің, танымдық әрекеттерінің, бала тұлғасының жалпы ерекшеліктері 
жетілмеуінің деңгейі ескеріледі.
Жұмыстың негізгі қағидасы - баланың сөйлеу әрекетінің барлық жағына
кезектілікпен және жүйелі түрде әсер ету болып табылады. Тек қана дәрігер 
жоғарғы жүйке жүйесінің әрекетін қалыпты жасайтын (бас ми қабығының 
клеткаларының жетілуін жақсартатын) арнайы емдеу шараларын жүргізгенде 
ғана жұмыс нәтижелі болады.
Жұмыс істемес бұрын, баланың өмірімен, тұрмысымен, оны қоршаған 
ортамен, жақын адамдарымен, ойыншықтарымен, танысқан жөн. Себебі олар 
баланың мүмкіндіктерін, қызығушылығының шеңберін айқындап, қарым-
қатынастың жолдарын және алдағы жұмыстың бағдарламасын белгілеуге 
мүмкіндік береді.
Отбасында балаға айтылған сөздердің сипаты мен көлемі айқындалады. 
Педагогпен ата-аналар тұрмыстық жағдайдағы нұсқау-сөздердің тізімін 
жазып қояды. Олар сабақтарда, күнделікті өмірде өзгертілмеген түрде 
қолданылады. Баланың сөзге қатысы жоқ дыбыстарды қабылдау деңгейі 
анықталады (тыныш жерде немесе шуылдаған жерде).
 
Сөз арқылы қарым қатынас жасау алғашында шектеліп, баланың қате 
сөйлеуі тежеледі. 
Жұмыс баланың қатаң түрдегі дыбыстық және сөйлеу тәртібін 
ұйымдастырудан басталады, себебі ретсіз артық естуіне деген жүктеме 
сөйлеу тілінің, оны түсінуінің дамуын кешіктіреді (тежейді). Балаларға 
тынығу уақытын, күндерін бөліп береді, оларды қоршаған адамдардың 
мазалуынан қорғайды. Күнделікті өмірінен дыбыс аппараттары: қоңыраулар, 
радио, теледидар т.б. алынып тасталады. Дыбыстан қорғау тәртібі 
орнатылып, сөздік және сөзсіз белгілердің (сигналдар) болуы шектеледі. 
Фрешельс баланың айналасында тыныштықпен қатар көру тапшылығы 
жағдайын (суреттер, ойыншықтар көрсетпеу) туғызуды ұсынды. Тек қана 


251 
осындай тынығу жағдайында жұмысқа кірісуге болады, ол баланың 
дыбыстарды қабылдағыштығын арттырады. 
Біртіндеп қабылдау, түсіну жағдайы анықталып, оларды дамытуға, 
кеңейтуге, тереңдетуге арналған бағытталған жұмыс жүргізіледі. Бала 
назарын аударту үшін оның көру аясына түсуге, оны өзіне қаратып, қолынан 
ұстауға т.б. тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет