дүкеннен бардым – дүкенге
бардым
).
2.
Сөздің жекеше, көпше тұлғаларын және етістіктің түрлерін
қолданудағы қателер (
ойнадым – ойнадық, жудым-жудық
).
362
3.
Зат есімнің, есімдіктің жекеше, көпше түрлерінің өзгеруі кезіндегі
қателер (
сиырдар – сиырлар, сағандарға – сендерге, мағандарға –
маған
).
Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырық және ызың, қатаң
және ұяң, мұрын жолды дыбыстарының, сонымен бірге құрамы әртүрлі
буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтан
сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да, саны жағынан да жасына қарағанда,
едәуір артта қалғаны байқалады.
Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың
алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы
салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары өрескел
бұзылады. Мысалы: Буратино - буритана, балапан - бапан, бапалан, балалар -
балдар, балар, баралал.
Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтижесі оның фонематикалық
есту қабілетінің нашарлығы, дыбыстарды талдау мен жинақтауға
бағытталған тапсырма бойынша берілген дыбыстарға суреттерді іріктеп алу,
дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады және мүндай
тапсырмалар баланың дағдыларды игеруге дайын емес екенін оңай анықтауға
мүмкіндік береді. Арнайы коррекциялық оқытудың ықпалымен сөйлеу тілі
дамымауының ІІІ деңгейіне өтуі баланың айналасындағылармен қарым-
қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы сөйлеу тілі дамуының
екінші деңгейіндегі
балалар төмендегідей
сипатталады:
1.
Балалардың белсенді сөз қоры зат есім, етістік, сын есім, үстеу
сөздерімен толықтырылады.
2.
Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен
жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
3.
Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4.
Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөз қорлары толығады.
5.
Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды.
Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі
байқалады.
Жалпы сөйлеу тілі дамуының
үшінші деңгейі
сөйлем құрамындағы
лексикалық-грамматикалық
және
фонетикалық-фонематикалық
элементтердің жетілмеуімен сипатталады. Осындай дәрежедегі, әсіресе
мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе
алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре
алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады-ай деген кейбір дыбыстардың өзі де өз
бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.
Тап осы фонематикалық топтағы екі немесе бірнеше дыбыстарды бір
дыбыспен немесе бірнеше дыбыстарды бір мезгілде алмастырған кезде
дифференцияланбаған дыбыстардың айтылуы өзгеше болады (негізінде
ысқырық және ызың дыбыстар, аффрикат, мұрын жолды дыбыстары).
Мысалы:
сәй-шай, сана- шана, қал-қар
.
363
Сонымен
бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды,
грамматикалық құрылымның қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді,
салалас, құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға
тырысады. Мысалы:
Айдош мектептен келді де, шабағын оқуға отылды
.
Баланың тілі жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі
буындары бар сөздерді айтқанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін
және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркестерін
байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған
тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып
қалған заттардың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, бөлігін, және хал-жайын
айтып беруге енді бұрыңғыдай қиналмайды.
Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында
болып жатқан тіршілік туралы емін-еркін әңгімелеп бере алады. Қысқа
әңгіме де құрастырады.
Алайда, сөйлеу тілін жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты
жүйенің (лексиканың, грамматиканың, фонетиканың) бір бөлігінің толық
дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.
Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөздерді, нақышты
сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарында шарт
қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да
міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер
айтарлықтай анық көрінеді.
Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған
құрдастарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрау кезінде үлкен қиындық
көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын
аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады.
Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе
категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы
мүмкін.
Құрмалас
сөйлемді жалғаулығымен және жалғаулықты сөзімен
құрастырған кезде қателер жіберілетіні байқалады. Бала сурет бойынша
сөйлем құрастыру кезінде қатынасушы кісіні және қимыл-іс әрекетінің өзін
жиі көрсетіп дұрыс атап отырса да, сөйлем құрамына қатынасушы кісінің
пайдаланған затының атын кіргізбейді.
Сөздік қорының едәуір өскеніне қарамастан, лексикалық мағынасын
толық білмейді (
шынтақ, иық, білек, өзен, көл, бұлақ, шалбардың бұты,
балағы; көйлектің етегі, жағасы, жеңі
), бірсыпыра сөздерді дәл түсінбейді
және дәл қолданбайды (
кесу, қию, пішу
). Лексикалық қателердің ішіндегі
көзге түсетіндері төмендегідей:
а) заттың атын сол заттың бөлшегінің атымен алмастыруы (
құлақ – «бас
»,
дөңгелек - «машина
»);
ә) мамандықтың атын сол маманның істейтін әрекетімен (кәсібімен)
ауыстырады (
әнші – тәте өлең айтады
);
364
б) тектес заттардың меншікті аттарын атамай олардың сыртқы түрлерінің
ұқсастығына және тұрмыстағы қолдануларына қарап жалпы атауларымен
атайды (
қарға - «құс», қарағай – «ағаш»; етік, бәтіңке – «аяқ киім»);
в) көлемін білдіретін белгілердің орнын алмастыру (
биік, кең, ұзын –
үлкен; қысқа, аласа, тар, жіңішке- кішкентай)
.
Бала өз бетінше еркін сөйлесіп отырған кезде заттың белгілерін, күйін,
қимыл іс-әрекетін білдіретін сын есім мен үстеу сөз таптарын аз қолданады.
Бала жаңа сөздерді сөйлеп дағдыланбағандықтан іс жүзінде көп қолданбай
сөздік қоры тоқырап, кедейленіп қалудың әсерінен оған сөздің
морфологиялық элементтерін айыруға мүмкіншілік бермейді.
Көп балалар жаңа сөздерді қолданған кезде қателерді жиі-жиі жібереді.
Шынында да, дұрыс сөздердің жасалуымен қатар кемшіліктері де болады.
Мысалы:
көрпе - көрпешілік, көрпе - кішкентай көрпе
.
Осыған ұқсас қателер бірлі-жарымдап тілдері жаңа шығып келе жатқан,
дендері сау балаларда кездесуі мүмкін, бірақ олар тез арада жоғалып кетеді.
Қателердің көпшілігі тамақтардың, заттардың, есімдіктердің мағыналарын
білдіріп, ара қатынасын белгілейтін қатыстық сын есімнің жасалуы кезінде
болады. Мысалы: стекловый стакан.
Ресейлі ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда
сөйлеу тіліндегі грамматикалық қателердің ішіндегі ең ерекшеліктері
төмендегідей:
а) сын есіммен зат есім сөздердің жекеше, көпше түрлерінде және
септіктерде дұрыс қиылыспайды;
ә) сан есім зат есіммен дұрыс қилыспайды;
б) жалғаулықтарды қолданғанда кететін қателер: түсіріп қалдырады,
алмастырады, толық айтпайды;
в) сөздің көпше түрінің септік жалғауларын қолданғанда кететін қателер.
Достарыңызбен бөлісу: |