360
ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің кемшілігіне сын
көзімен қарап, оны қалайда түзетуге тырысуы тән.
Сонымен, сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі
сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.
Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың
және қимыл-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын
дыбыстардың ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен барлығына
бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы:
«дөдөт» - машина,
машинамен кетті, кетіпті
және т.б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді
білдіретін сөздерді заттың атымен орнын алмастыра беретін жағдайларда
байқалады. Мысалы:
«адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай,
тамақ ішу.
Сөйлеу тілі дамымаған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де
пайдаланатын ерекшелігі болады. Бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып
тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада да байқалуы
мүмкін. Бірақ ол тек 5-6 айға ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша
көп болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ
уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып
сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз
сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп
дұрыс айтуға дағдыланып кетеді.
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге
дейін кеңейетіндігі байқалады, бірақ мұнда құрылысы бұзылған сөз
тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып қалады. Тап осы жағдай
сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада еш уақытта байқалмайды.
Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі өз және
айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді
(әсіресе табиғатқа байланысты құбылысты). Дыбыстардың қолданылуы
тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын
сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның
2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: