I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет182/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   249
перспективті жоспар
құрастырылады. 
Оптикалық дисграфияны 
түзету барысында қолданылатын жұмыс 
тәсілдерін қарастырайық. 
1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатын тәсілдер: 
-
контурмен сызылған заттарды атау; 
-
бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау; 
-
заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау; 
-
түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу; 
-
суреттегі айырмашылықтарды табу. 
2. 
Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту: 
- 10-шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету; 
- әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау; 
- алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды
орналастыру; 
-
«не өзгерді?», «не жоғалды?» ойындары. 
3. 
Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру: 
- графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу 
Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ; 
- бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау; 
- дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау; 
- элементтері бойынша әріп құрастыру; 
- бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.); 
- әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау. 
Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін, әріпті 
бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О - дөңгелекпен, З - жыланмен, т.б.) немесе 
тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы,
«А» әріпі әрдайым 
Алфавиттың алдында. 
Мына әріпке қарашы 
Былай «Е», былай «Ш». 
«З» әріпін әрқашан 
табасың сен
саздан, қаздан, залдан.


354 
Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа 
жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, 
механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың 
нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, 
оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) 
төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек: 
-
қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес; 
-
ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру; 
-
онтогенетикалық ықпал ету; 
-
сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру; 
-
қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен 
көзқарастарды ескеру; 
-
логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу. 
Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны 
дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен 
жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға 
болады: 
-
сөйлем құрамын талдау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және 
жетілдіру; 
-
буындық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту 
және жетілдіру; 
-
фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, 
дамыту және жетілдіру. 
Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері: 
-
естіп қабылдауын дамыту; 
-
дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту; 
-
фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту; 
-
шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту. 
Аграмматикалық
дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:
-
затты, 
іс-әрекетті, 
құбылыстарды 
атау 
мен 
сәйкестендіруін 
қалыптастыру, дамыту және жетілдіру; 
-
- сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру, 
дамыту және жетілдіру; 
-
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және 
жетілдіру; 
-
Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру. 
Оптикалық
дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері: 
-
көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту; 
-
жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет