I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет186/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   249
жұмыртқа - ұтқа, 
домбыра - дома.
Фонематикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне 
ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы: балта-
балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстық талдау жолын 
түсінбейді. Сөйтіп жалпы сөйлеу тілі дамуының 
бірінші деңгейін
былай 
сипаттауға болады: 
1.
Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған 
сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстарда (р-р-р, ш-ш-ш,) 
күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады (ту-су). 
2.
Баланың енжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ 
болады, бірақта сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет 
қайталанған таныс жағдайда ғана түсінеді. Мысалы: 
«Қолыңды 
қалтаңнан ал» 
деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін. 
«Қалтаңды көрсет»
дегенде ол көрсете алмайды. Өйткені ол «қалта» 


361 
деген сөздің мағынасын түсінбейді. Байланыстырып сөйлеу қабілеті 
мүлдем дамымаған. 
3.
Сөздің, дыбыстың, буынның құрамын сақтап қайталау қабілеті 
дамымаған. Бұл деңгейді қысқаша қолданбалы сөйлеу тілінің болмауы деп 
сипаттауға болады. Жалпы сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың 
белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да 
айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: 
Қыт. Бадя тана теп дүй. (Қыс. Балалар шана теуіп жүр).
Кейбір грамматикалық тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде 
байқалады. Бірақ бұл тек кейбір грамматикалық категорияларға қатысты 
болады. Бұл процесс әлі де болса едәуір тұрақсыз екендігін сипаттайды және 
бұндай баланың сөйлеу тілінің дамуының қатты тежелгендігі анық 
байқалады. Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін 
заттардың аттарын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен ғана 
шектеледі. 
Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда, суретке қарап және сұрақ 
бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық 
құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Сөйлеу тілінің грамматикалық 
құрылымының жетілуі қанағаттанарлық емес екендігі сөйлеу материалы 
күрделенген кезде немесе баланың өзі бұрын сирек естіп, аз қоланған сөздер 
мен сөз тіркестерін айту қажет болып қалған жағдайда оңай білінеді. Мұндай 
балалар септік жалғаулар мен көптік түрін білдіретін жалғаулардың 
мағынасын жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту 
кездейсоқ жағдай, сондықтан да, оны пайдаланғанда әр түрлі қателерді көп 
жібереді. Мысалы:
көрпе - корпелар, пышақ - пышақдар, бала - баладар
асық - асықдар
. Сөзді тар мағынада жиі қолданады, ауызша талдап қорыту 
дәрежесі өте қиын. Тұлғаларды, қолданылуы немесе тағы басқа белгілері 
ұқсас бірнеше заттарды бір сөзбен атауы мүмкін. Мысалы: 
шыбынды, 
қоңызды, масаны, сонаны, араны, көбелекті 
– бір жағдайда осылардың 
барлығын тек біреуінің ғана атымен атайды, ал екінші бір жағдайда тағы 
басқа біреуінің ғана атымен атайды. Балалар заттың атын білгенімен, оны 
құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады (ағаштың бұтағы, 
жапырағы, түбірі, тамыры), ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің 
аттарын білмейді. Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының 
тым кедей екендігін көрсетеді. 
Заттың атын, түсін, тұлғасын, белгісін білдіретін сөзді орнымен 
дұрыс қолдануды әруақытта толық біле бермейтіндігі байқалады. 
Қолданудағы қимыл-іс әрекеті әртүрлі, тұлға ұқсастығы жақын атау сөздерді 
шатастырып орын ауыстыруы жиі көрініп қалады (
жазу-оқу, тігу-пішу
).
Грамматикалық категорияны қолдануда да өрескел қателер 
жіберетіндігі арнайы тексеру кезінде белгілі болады. Олар: 
1.
Септік жалғауларды алмастыру (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет