36
Егер балада бір қимылдан екінші қимылға көшкенде қиындық
туындаса, ол оральдік праксисының бұзылуын көрсетеді. Кей жағдайда бала
қимылдарды айнасыз қайталай алмайды, логопед тілдің, еріннің, беттің қай
(нуктесіне) жеріне қол тигізгенін сезінбейді. Мұндай жағдайлар көбінесе
дизартриямен зақымдалған балаларда кездеседі. Ондай балалардың міндетті
түрде ерін, тіл, жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің тонусын бақылап, талдау
қажет (тілдің қалпы, тремор, гиперкинез, тілдің конфигурациясы, әлсіздігі,
жұмсақ таңдайдың салбырауына көңіл бөледі).
Сонымен қатар мимикалық бұлшық еттердің қалпын тексеру қажет:
1.
Маңдай бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:
-
қасты көтеру, қабақ түю, маңдайды жиыру.
2.
Көздің қимылын тексеру:
-
көзді қатты, жеңіл жұму, оң көзді, сосын сол көзді жұму, көзді қысу.
3.
Мойынның бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру:
-
оң ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау;
-
екі ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау;
-
бір ұртынан екіншіге ауаны үрлеу;
-
ұрттарын ауыз қуысына тартып ұстау (1-5 дейін).
Жаттығуларды орындау барысында бақылау қажет:
-
қимылдың мөлшері (толық-барлық қимылдарын орындады; толық
емес- қимыл жартылай орындалды; қимыл мөлшері бұзылған – қимыл
кезектілігі бұзылды немесе кейбір қимылды орындамай тастап кетті);
-
нақтылығы (сақталған – барлық қимыл кезектілікпен орындалды;
бұзылған-артикуляцияны іздеу немесе қосымша қимылдар жасады);
-
тонусы (сақталған – қимыл қажетті күшпен жасалды, бұзылған –
қимылдар жартылай әлсіз, жеткіліксіз орындалды);
-
қимылдың жылдамдығы (қалыпты – бір қимылмен екіншісінің
арасында үзіліс байқалмады; баяу – қимылдардың арасында 3-5 сек. үзіліс
байқалды; жылдам – бір қимылды аяқтамай, екінші қимылға көшеді);
-
синкинезиялар (жоқ, бар – артикуляциялық, мимикалық бұлшық
еттерінде байқалады).
4.
Символикалық праксисті тексеру үлгі, содан соң нұсқау бойынша
тексеріледі: ысқыру, сүю, жымию, тістену, таңдай қағу.
Достарыңызбен бөлісу: