43
Осы тәсілдерді бала жеңіл орындай
алатындығын байқағаннан кейін, енді
бұдан гөрі қиындау, тапсырманы орындауды ұсынады. Бала берілген
дыбыстан басталатын сөзді өзі табуы керек. Айналасындағы өзі күнделікті
көріп жүрген заттардың ішінен
К
немесе
М
дыбысынан басталатын сөздерді
іріктеп табу керектігі айтылады. Мысалы, баланың күделікті көріп, әрі
қолданып жүрген сөздері: күн, көрпе, май, көпшік, кино, мақта, көйлек және
т.б.
Келесі тәсіл – дыбыстың құрамы бойынша сөздерді салыстыру.
Айырмашылығы тек бір дыбыстан болатын сөздердің атауларына
бейнеленген заттары бар суреттері іріктеп алып, балаға көрсетеді де, олардың
аттарын атағаннан кейін дыбыстық айырмашылығын сұрайды. Мысалы: май-
тай, жүн-түн, бала-қала, табақ-сабақ, сабан-табан. Баланың түсінігін тексеру
үшін бұл тәсілді ауызекі қолданып та көруге болады. Мысалы,
логопед
балаға
Манат-Жанат
деген екі сөздің дыбыстық айырмашылығын сұрайды.
Бұл қолданылған тәсілдерді сөйлеу тілі дұрыс дамымаған ересек
оқушылардың оңай игере алатындығы жүргізілген тәжірибеден белгілі болса,
ал фонетика-фонематикалық дамуындағы кемістіктері бар немесе жалпы
сөйлеу тілі толық дамымаған балаларға айтарлықтай қиындық туғызады.
Мектепте оқитын, дыбыстық талдаудан түсінігі бар балаларға, күрделілігі
қиындау тапсырма беріледі.
Оның сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды
дыбысқа бөлуді, олардың жүйелігінің және дыбыстардың сөзден орнын
айыра алатындығын білетін-білмейтіндігін тексереді.
Балаға талдау үшін
сөз беріліп, ол сөздегі дыбыстарды санап, қандай
дыбыстардан тұратынын, олардың сөзде орналасу жүйелігі
қандай екенін
айтуды, сосын екінші, бесінші және т.б. дыбыстарды бөліп алуды ұсынады.
Тексеру күрделілігі әр түрлі сөздерді пайдалануға болады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: