168
Ринолалияда кездесетін әр түрлі аутқуларды түзету мүмкіндіктері
Ринолалия
кезіндегі
ауытқуды
түзету
медициналық
және
психологиялық–педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте
емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты –
қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия), жұмсақ таңдайды
ұзарту (ретротранспозиция) және жұтқыншақ сақинасының ортаңғы бөлігін
жіңішкерту (мезафарингосконстрикция). Хирургиялық көмек, ең
біріншіден, баланың тамақтануын жақсартуға
және қалыпты тыныс алуын
қалпына келтіруіне ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде
толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар бұндай операцияны
мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің
көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады.
Бірақ, кейбір жағдайда баланың 5–6 жасында соматикалық және физикалық
жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды.
Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хирургиялық
емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың
ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2-3 күннен
бір жылға дейінгі
мерзімдерде операцияланады(хейлопластика). Бұл баланың дамуынын
жақсартады, сыртқы түрін қалыпқа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның
қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7
жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті
жасалған уранопластиканың маңызы өте зор.
Кейбір жағдайда туа біткен жарықшалары бар балаларға операция
жасалмай, обтуратор (жарықшаны жауып түратын пластинаны)
қолдану
ұсынылады. Егер обтураторды алғашқы сөздер шыққанға дейін (1-2 жасқа)
қолданса, баланың белсенді сөйлеуінің дамуы қолайлы жағдайда өтеді. Бірақ
сонда да мұрындық реңк толығынан жойылады деп кепіл берілмейді. Еріннің
және
таңдайдың
жарығы
бар
балалардың
көбісін
толығымен
реабилитациялау үшін бір хирургиялық ем жеткіліксіз. Бұл науқастар
бірқатар мамандардың (стоматолог, ортодонт, ортопед, отоларинголог,
логопед, невропатолог, офтальмологтардың және т.б.) тарапынан көмекті
қажетсінеді. Диспансерлі бақылау мен емдеу жүйесінің
тарабынан оларға
көмек көрсетіледі. Диспансеризация идеясы 1950 жылдарда пайда болған.
(М. Д. Дубов). Диспансеризацияның қазіргі заманғы қағидасының ғылыми
негіздемесі мен тәжірибеде кең пайдаланылуын Б. Я. Булатовская 1958 - 1971
жылдары жүзеге асырды. Оның ұсынысы бойынша жарықтары бар
балаларды алғашқы диспансерлі бақылауға алу мен емдеу шаралары
өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: