I теоретические основы логопедии


Туа біткен тандай жарықтарының баланың физикалық және сөйлеу тілінің  дамуына тигізетін әсері



Pdf көрінісі
бет85/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   249
 
Туа біткен тандай жарықтарының баланың физикалық және сөйлеу тілінің 
дамуына тигізетін әсері 
 
Ринолалияға шалдыққан балалардың психологиялық дамуында кейбір
ерекшеліктер де жиі байқалып қалады. 
Ерін мен таңдай жарығы ең көп тараған іштен дамыған ауыр кесел. 
Осы кеселдің салдарынан баланың даму барысында күрделі фунционалдық 
бұзылу пайда болады. 
Ерін мен таңдайы іштен жетілмеген бала өте үлкен қиындыққа 
ұшырайды.
Ерін мен таңдайдың біреуінің айырылып жарылуы баланың емуіне 
ерекше қиындық туғызса, ол екеуі бірдей жарылған болса бала сору 
қабілетінен мүлдем айырылады. Ему кезінде сут баланың тыныс алу 
жолдарына кетіп, оны қақалтып, шашалтады. Сондықтан балаларды 
қасықпен немесе пипеткамен тамақтандыруға тура келеді. Осылай 
тамақтандырғанның өзінде балалар шашалып қалады. Оларда жөтел, лоқсу 
пайда болады. Ас тамақтандыру кезінде жеткіліксіз дамыған таңдай 
қыртыстарына, мұрын қуысына, евстахиев түтікшесіне, мұрын-жұтқыншаққа 
және тыныс жолдарына түсіп, сонда тұрып қалады да шырышты қабықтың 
қабынуына ұшыратады. 
Жоғарғы жақ сүйектерінің дұрыс дамымауына байланысты баланың 
тістері екі қатар немесе қатты таңдайдың ортасында өседі. Дұрыс 
тамақтанбағаннан баланың алғашқы (сүт) тістері тез түсіп қалады. 
Ринолалиясы бар баланың ему қабілеті төмен, ерін қимылдары 
зақымдалған болғандықтан олардың бүкіл бет бұлшық еттерінің жетілмеуі 
байқалады. Соның салдарынан баланың мимикасы дамымаған болады және 
артикуляцияға бүкіл бет бұлшық еттері қатысады.
Таңдай жарығының кеселінен баланың физиологиялық тыныс алуы 
нашарлайды. 
Баланың тамақтануы қиын болғаны оның өсуін нашарлатады немесе 
бала әр түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Жарығы бар баланың көпшілігі 
жоғары тыныс жолдарының қабынуы, бронхитке, қан азаюы, өкпенің 
қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Мұндай баланың лор мүшелерінде 
мұрын шеміршектерінің қисаюы, мұрын желбезектерінің өзгеруі, тамақ-


166 
көмей бездерінің ісіуі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл 
баланың мұрынының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы 
мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншақтың евстахиев түтікшелеріне 
ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы мүмкін. Жиі ісулер 
созылмалы бағытқа айналады, есту қабілетінің нашарлауына себепші болады.
Туа біткен жарығы бар балалар туғаннан бастап өз ауытқуларына 
бейімделуіне мәжбүр болады. Бұл ауыз қуысында тілдің ерекше 
орналасуымен сипатталады. Бала тілін рефлекторлы артқа қарай тартады
соның арқасында тілдің көлденең бұлшық еті жиырылып, тілдің түбірін 
жоғары көтереді. Сонымен, тыныс алу жолдары жіңішкередіде 
жұтқыншақтың керегелерін суықтан қорғайды. Ауыз қуысында тілдің 
осындай ерекше орналасуы бірте-бірте қалыптасады. Туа біткен жарығы бар 
балалар шалқасынан жатып ұйықтағанды ұнатады, өйткені бұл тілдің ауызда 
тереңірек болғанын жеңілдетеді. 
Тілдің бұндай қалпы сөйлеу кезінде мұрындық ренк пайда болуына әсерін 
тигізеді. 
Сонымен, туа біткен таңдай және ерін жарықтары баланың 
тамақтануын, оның физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныс алуын 
бұзады, бет бұлшық еттері жұмысының сипатын өзгертеді, ауыз қуысында 
тіл дұрыс орналаспайды. Осының бәрі баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына 
әсерін тигізеді. 
Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері 
 
Сөйлеуге дейінгі кезең өзгеше және ақаулы өтеді. Көбінесе әдеттегі 
сыбдыр дыбыстар «п», «б», «т», «д» мұрын қуысына ауаның кетуінен үнсіз 
айтылады. Бұл естудің нығаюының жоқтығына немесе күрт төмендеуіне 
әкеліп соғады, соның салдарынан былдыр белсенділігі азаяды. Сөйлеудің 
кеш пайда болуы байқалады. Дыбыс артикуляциясы ғана емес, сонымен 
қатар сөйлеудің просодикалық элементтерінің дамуы да азап шегеді.
Артикуляциялық 
аппарат 
тұтастығының 
бұзылу 
нәтижесінде 
артикуляция мүшелерінің қалпының компенсаторлы өзгеруі қалыптасады: 
тіл түбінің жоғары көтерілуі, ерін, тіс пен ерін дауыссыздардың, 
лабиаланған дауыстылардың айтылу кезіндегі еріннің жеткіліксіз қатысуы, 
мимикалық бұлшық еттеріне күш түсу. Сөйлеу тілінде мұрын 
резонаторының қосылуына байланысты көп дыбыстардың артикуляциясы 
бұзылады. Дауыста күрт мұрынмен айту өзгешелігі пайда болады.
Сөйлеудің айтарлықтай жалпы түсініктілігі төмендейді. Кей-кезде сөз 
төңіректегілер үшін мүлдем түсініксіз болады. Айтылу ерекшелігі жазбаша 
сөйлеу тіліндегі қателіктерге, тілдің фонематикалық жүйесінің 
бұрмалануына әкеліп соғады. Сөйлеу тілінің кеш шығуы, логопедиялық 
көмек көп уақытқа дейін көрсетілмеуі, қажетті сөйлеу тәжірибесі аз болуы, 
психикалық белсенділігінің төмендеуі баланың сөйлеу әрекетіне әсерін 
тигізеді. Туа біткен жарығы бар балалардың жазбаша сөйлеу тілінде 
кездесетін дисграфиялық қателері алуан түрлі. Ринолалиясы бар балаға тән 


167 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет