Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


● жасуша мембранасы бүліністеріне қарсы



Pdf көрінісі
бет269/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

жасуша мембранасы бүліністеріне қарсы: 
♣ 
антиоксиданттық 
ферменттердің 

супероксиддисмутаза, каталаза, глютатионпероксидаза т.б.) 
түзілуін арттырады; 
♣ бүлінген мембрана бөлшектерін қалпына келтіреді. 
● 
ДНК молекуласының гендік ақаулары кездерінде:
♣ бүлінген немесе бөтен текті бөлшегін дер кезінде 
тауып аластайды; 
♣ оның үзілген жерлерін жояды; 
♣ оның бүлінген бөлшегін қалыпты бөлшектермен 
ауыстырады; 
♣ онда транскрипция, трансляция үрдістерін қалпына 
келтіреді. 


326
Артынан жасушаның және оның кейбір бөлшектерінің 
қалпына 
келуі 
(регенерациясы), 
гипертрофиясы 
мен 
гиперплазиясы 
дамиды. 
Осы келтірілгендермен бірге бүгінгі күні жасушаға 
бүліндіргіш ықпал
(температураның өзгерістері, гипоксия, химиялық заттар, 
вирустық жұқпа т.с.с.) әсер еткенде арнайы бір нәруыздар 
өндірілетіні белгілі болды. Ол нәруыздарды ағылшынша - 
heat shock proteins (HSP), орысша - белки теплового шока 
немесе белки стресса дейді, ал қазақша оларды 
ауырпалық 
нәруыздары
деуге 
болады. 
Бұл 
нәруыздар 
жасушаны 
бүліндіргіш ықпалдардан қорғап, оның тіршілігін сақтап 
қалуға көмектеседі. Олардың ішінде молекулалық массасы 70 
000 (hsp 70), 90 000 (hsp 90) ауыртпалық нәруыздары кең 
тараған. Бұлар басқа нәруыздардың жиналуын, жиырылып 
жазылуын реттеуге қатысады. Осыдан жасушада нәруыздық 
топтамалардың жиналып қалуынан сақтандырады, жасушаның 
төзімділігін көтереді.
 
Жасушаның бүлінген бөлшектері фагоциттерді өзіне 
тартатын заттар шығарады. Фагоциттер бүлінген бөлшектерді 
жеп қояды. Жасуша ішіндегі құрылымдардың гиперплазиясы 
дамып, жойылған жасуша бөлшектерінің орны толтырылады. 
Гиперплазия молекулалардың деңгейінде (гендердің саны 
артуы, жаңа молекулалардың түзілуі күшеюі), жасуша ішілік 
құрылымдарда 
(митохондрийларда, 
рибосомаларда, 
лизосомаларда ж. б.) және жасушалық деңгейлерде байқалады. 
Көрсетілген икемделістік тетіктер жеткіліксіз болғанда 
жасушаның тіршілігі қайтымсыз жоғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет