Жасуша бүліністерінің көріністері. Жасуша
бүліністерінің
көріністеріне
әртүрлі
дистрофиялар,
дисплазиялар
дамуы
және
жасушаның
тіршілігін жоғалтуы жатады.
Дистрофиялар – деп жасушаларда зат алмасуларының бұзылыстарынан олардың тіршілігі өзгеруіне әкелетін құрылымдық және функциялық өзгерістерді айтады. Олар мына
жолдармен дамуы мүмкін:
●
қалыпты
жағдайларда
жасушаларда
кездеспейтін
ауытқыған заттардың түзілуімен (мәселен, нәруыздардың
күрделі қанттармен кешендері - амилоидтар түзілуі);
● бір қоспалардың басқа қосындыларға артық ауысып
кетуімен (мәселен, көмірсуларының майларға, көмірсулары
мен майлардың нәруыздарға ауысуы);
● жасуша ішілік құрылымдардың немесе заттардың ыдырап
кетуімен
(мәселен,
мембранадағы
нәруыздық-липидтік
кешеннің ыдырауы);
● жасушалар мен жасуша аралық заттарда органикалық
және бейорганикалық қоспалардың сіңбелері пайда болуымен
(мәселен, атеросклероз кезінде артериялардың ішкі қабығы
жасушаларында төмен тығыздықты липопротеидтер мен Са
2+
-
иондарының сіңбелері болуы).
Зат алмасуларының бұзылу түрлеріне қарай нәруыздық
(диспротеиноздар),
майлық
(липидоздар),
көмірсулық,
пигменттік, минералдық дистрофияларды ажыратады. Олардың
жеке тобына
жинақталу аурулары жатады.
Дисплазиялар - жасушалардың құрылымы, зат алмасулары мен атқаратын міндеттемелерінің тұрақты өзгерістерімен қабаттасатын олардың дамуындағы нақтыланудың бұзылыстары. Жасушаның нақтылануы оның тектік ақпаратына байланысты.
Жасушалық дисплазия өспе өсуіне тән құбылыс. Бұл кезде
жасушалардың көлемі ұлғаяды, пішіні өзгереді, олардың
ішінде әртүрлі қоспалар пайда болады. Жасуша ішілік