мембрана арқылы
әсер ететін
немесе
жасуша ішілік
болып екіге ажыратылады.
Мембрана арқылы әсер ететін дабылдық түрткілерге
өспелерді жоятын фактор (ӨЖФ) және CD95L молекуласы
жатады.
Бұлар,
жасуша
мембранасындағы
сәйкес
рецепторларға әсер етіп, апоптоз дамуына әкеледі. Сонымен
бірге апоптоз жасушаның бөлініп көбеюін және жетілуін
реттейтін өсу факторлары мен цитокиндердің, гормондардың
болмауынан да дамуы мүмкін
Жасуша ішілік түрткілерге: жасуша ішінде Н
+
-, Са
2+
-
иондарының жиналып қалуы, бос радикалдар, жасуша ішіндегі
вирустар,
ядролық
рецепторлар
арқылы
әсер
ететін
гормондар
(глюкокортикоидтық,
минералокортикоидтық,
тиреоидтық гормондар) жатады. Жасуша ядросында ДНК
молекуласының
қалпына
келуінің
бұзылуы
да
апоптоз
дамытады.
Жасуша бүліністерінің түрлері.
Жасушаның бүліністері: жіті және созылмалы, біріншілік
(тікелей себепкер ықпалдан) және салдарлық (себепкер
ықпалдан
пайда
болған
белсенді
биологиялық
әсерлі
заттардың ықпалдарынан), толық және үлестік (жасуша
бөлшектерінің), қайтымды және қайтымсыз, спецификалық
және бейспецификалық болып ажыратылады.
Спецификалық
бүліністер
деп
туындатқан
себепкер
ықпалға ғана тән өзгерістерді ұғады.
Бұндай бүліністер
сирек кездеседі. Мәселен, осмостық қысымның көтерілуі
қандай
да
болмасын
жасушаның
ісінуіне,
қабығының
керілуіне және оның тұтастығының бұзылуына әкеледі. Қанда
әлдостеронның
деңгейі
көтерілуі
әртүрлі
жасушаларда
натрий ионының жиналуына әкеледі. Жарақаттану кезінде
жасуша мембранасының жыртылуы, синил қышқылының әсерінен
цитохромоксидаза ферментінің белсенділігі жоғалуы осы
бүліндіргіш әсерлерге ғана тән өзгерістер.
Көпшілік жағдайларда әртүрлі бүліндіргіш ықпалдар әсер
еткеннен кейін жасушаларда біркелкі өзгерістер дамиды.
Бұндай өзгерістерді
Достарыңызбен бөлісу: |