Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет275/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

иммундық 
тежелу 
(иммуносупрессия) сатысы
дейді. Бұл кезде қандағы CD4

жасушаларының саны азаяды.
Осыдан: 
● АИВ жұқтырған CD4

Т-жасушаларының өсіп-өнуіне 
қолайлы жағдай туындайды. Оған ұшық жұқпалары немесе осы 
жасушалардың 
өсіп-өнуін 
арттыратын 
басқа 
антигендік 
түрткілер әкеледі; 
● вирустың өсіп-өнуінен Т-жасушалары бүлінеді. Осыдан 
қандағы 
CD4

корецепторлары 
бар 
жасушалар 
азаяды. 
Жасушаның геномымен біріккен вирустық геном ұзақ мерзім 
өршіп кетпеуі мүмкін. Бірақ бұл кезде Т-жасушаларының саны 
ұдайы азая береді; 
● АИВ жұқтырған жасушалардың ішінде бос вирустық ДНК 
жинақталуы вирустың қатты өсіп-өнуіне және жасушаның 
тіршілігін жоғалтуға әкеледі; 
● АИВ сүйек кемігіндегі, айырша бездегі аналық 
жасушаларды бүліндіреді. Содан CD4

корецепторлары бар 
лимфоциттердің азайған орны толтырылмайды; 


333
● CD4

корецепторлары бар лимфоциттердің саны азаюы 
олардың 
Т
х 

түрлерінің 
белсенділігі 
төмендеуімен 
қабаттасады. Т
х 
1 мен Т
х 
2 түрлерінің арақатынасы бұзылуы 
ЖИТС 
дамуының 
алдында 
байқалады. 
Цитотоксиндік 
Т-
жасушаларының және табиғи жендет жасушалардың белсенділігі 
төмендейді. Өйткені Т-хелпер жасушалары жетіспейді. В-
жасушаларының қызметтері де Т
х 
2 жасушаларының аздығынан 
әлсірейді; 
● Т
х 
жасушаларының аздығынан әртүрлі антигендерге қарсы 
арнайы антиденелердің түзілуі болмайды. В-жасушалары ұдайы 
бейспефикалық белсенділік жағдайында болады. 
АИВ организмнің иммундық қадағалауына қарсы тұра 
алады. Өйткені АИВ басқа вирустарға қарағанда мутацияға 
жиі ұшырайды. Оның кері транскриптаза ферменті жиі 
қателіктер жіберіп қызмет атқарады және бұл кателіктерді 
түзету қабілеті болмайды. АИВ геномы жасуша геномымен 
бірігіп кеткенде вирустық гендердің өршуі өте аз 
мөлшерлерде болады. Осылардан АИВ организмнің иммундық 
жүйесінің әсерлеріне ұшырамайды да, дер кезінде байқалып 
жойылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет