Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (ЖИТС)



Pdf көрінісі
бет274/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жүре пайда болған иммундық тапшылықтық синдром (ЖИТС). 
ЖИТС-ын ең алғаш 1981 жылы Әмерика зерттеушілері 
жариялады. Әрбір 12-14 ай сайын бұл синдромның ел арасында 
тарауы екі еселеніп тұрады. АИВ-тың адамнан адамға ауысуы 
жыныстық қатынастар арқылы, бірнеше нашақорлар бір 
дәріпіспекпен пайдаланғанда, науқастарға қан құйғанда, 
ЖИТС–пен ауыратын әйелдерден туған балаларда т.с.с. 
жағдайларда болады.
Патогенезі. 
Адамның иммундық тапшылықтық вирусын (АИВ) 


332
жұқтырғаннан кейінгі кезеңді 
АИВ-жұқпасы
– деп атайды. АИВ
сыртқы беттерінде CD4
+
корецепторлары бар ( Т хелпер 
жасушаларын, 
макрофагтарды, 
дендриттік 
жасушаларды) 
жасушаларды бүліндіреді. Өйткені АИВ-1-дің қабығындағы 
gp120 нәруызының CD4

молекуласына үйірлігі болады. Осыдан 
CD4
+
молекуласы gp120 нәруызымен байланысуынан жасушаның 
апоптозы артады және көрсетілген вирус жасушаға тікелей 
бүліндіргіш әсер етеді. АИВ жұқтырған адам денесінде вирус 
лимфоидтық тіндерде, ОЖЖ –інде микроглияда, ішектердің 
эпителий жасушаларында жинақталады. 
АИВ-жұқпасы 
үш 
сатыда 
өтеді. 
Бірінші 
сатысын 
виремияның бастапқы сатысы
дейді. Бұл кезде вирус қанға 
түседі. Жұқтырғаннан кейін 10-20 тәуліктен соң қанда 
вирустың деңгейі ең жоғары шыңына көтеріледі және оған 
қарсы антиденелер пайда болғанша осы деңгейде сақталады. 
Екінші сатысын 
әйгіленімсіз сатысы 
деп атайды

Бұл кезде: 
● АИВ жұқтырған адамдарда 10-15 жылға дейін ешқандай 
әйгіленім байқалмауы мүмкін. Организмнің қорғаныстық 
күштері вирустың өсіп-өнуін тежеп тұрады; 
● жұқпаның ары қарай дамуынан сақтандырмайтын және 
одан 
қорғай 
алмайтын 
әртүрлі 
бейспецификалық 
антиденелердің түзілуімен көрінетін сұйықтық серпілістер 
байқалады; 
● иммунитеттің жасушалық тетіктері арқылы вирустың 
өсіп-өнуі белгілі мөлшерлерде тежеледі немесе клиникалық 
көріністер айқындалмайды. Бұл кезде цитотоксиндік Т-жендет 
жасушаларының қызметтері артуының маңызды болуы ықтимал; 
АИВ-жұқпаның 
үшінші 
сатысын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет