Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіріледі. Аллергендер сырттан енетін  экзогендік



Pdf көрінісі
бет281/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

338
сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіріледі.
Аллергендер сырттан енетін 
экзогендік 
және организмнің 
өзінде болатын 
эндогендік
болып ажыратылады.
Экзогендік аллергендерге: 
● өсімдік тектес (олардың тозаңдары, жемістері, 
сабақтары); 
● жануарлар тектес (қан сары суы, жүн, түбіт, 
қайызғақ, шаш, т. б.); 
● тұрмыстық (үй тозаңы, әсемдік бұйымдар, кір жуатын 
ұнтақтар т. б.); 
● тағамдық заттар (құлпынай, жұмыртқа, жаңғақ, сүт 
т.б.); 
● өндірістік заттар (никель, мырыш, хром т.б.); 
● дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, витаминдер т.б.); 
● бактериялар, вирустар, майда саңырауқұлақтар т. б. 
жатады.
Бұлар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдарымен, 
тері, шырышты қабықтар арқылы және екпелермен түседі.
Эндогендік аллергендер
(немесе аутоаллергендер) табиғи 
(біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) болып 
бөлінеді. Табиғи (біріншілік) аллергендерге организмнің 
өзінің кейбір қалыпты тіндері (көз бұршағы, жүйке тіні, 
қалқанша бездің коллоиды, атабез тіні т. б.) жатады. Жүре 
пайда болған (салдарлық) аллергендер организмнің өзінің 
өзгерген тіндерінен пайда болады. Олар жұқпалардан немесе 
бейинфекциялық әсерлерден болуы мүмкін. Бейинфекциялық 
әсерлерге ыстық немесе суық температура, радийбелсенді 
сөулелер, улы химиялық заттар, кейбір дәрі-дәрмектер 
т.с.с. жатады. Инфекциялық эндоаллергендер микробтардың 
немесе олардың уыттарының тіндермен кешендер құруынан 
болатын және вирустармен туындатылатын (аралық) антигендер 
болады. Бұл кезде аллергендер жоғарыда көрсетілген 
әсерлерден 
организмнің 
өз 
тіндерінің 
нәруыздарынан 
құрылады. Олар нәруыздардың денатурациясы (лат. dеnаtuгаге 
- жаратылысын жоғалту, табиғи қасиеттерінен айрылуы) 
немесе детерминанттық (лат. detеrminare 
- анықтау) 
топтарын (эпитоптар делінеді) өзгертулері нәтижелерінде 
пайда болады. Организмде пайда болған аутоантигендер 
көптеген аутоаллергиялық аурулар дамуына әкеледі.
Сыртқы ортада гаптендердің мөлшері көбейген, олар 
организмге тері, ас қорыту және тыныс алу ағзаларының 
шырышты қабықтары арқылы түседі. Қалыпты жағдайда бұл 
тіндер бөгде заттардың организмге өтуіне тосқауыл болады. 
Осы тосқауылдық қызметтің бұзылуы аллергияның дамуында 
үлкен маңызды орын алады. Қазір терінің және шырышты 
қабықтардың тосқауылдық қызметтері сөлденістік иммундық 


339
глобулин А-мен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осы IgА-ның 
тұқым қуатын және жүре пайда болатын тапшылықтары 
бронхиалық демікпенің кейбір түрлерінің дамуында өте 
маңызды екені белгілі. Сонымен бірге автокөліктердің 
сыртқа 
шығаратын 
газдары 
тыныс 
жолдарында 
шырышты 
қабықтардың жергілікті төзімділігін қамтамасыз ететін 
сурфактанттың 
түзілуі 
азаюына 
әкелетіні 
байқалды. 
Осылардың 
нәтижесінде 
тыныс 
ағзаларының 
шырышты 
қабықтарының 
өткізгіштігі 
жоғарылап, 
сыртқы 
ортадан 
организмге көптеген гаптендер түседі. Олар организмнің 
жасушаларымен және нәруыздарымен байланысқаннан кейін оның 
иммундық сезімталдығын көтеретін қасиет қабылдайды. 
Аллергияның жиілеуінде адамдардың қалай болса солай 
бақылаусыз 
дәрі-дәрмектерді 
(антибиотиктерді 
т. 
б.) 
қабылдауыныңда маңызы бар. Сонымен бірге, қазіргі кездегі 
жұқпалы дерттерден алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын 
екпелердің 
маңызы 
зор. 
Мәселен, 
көкжөтелге 
қарсы 
пайдаланылатын екпе тіндердің гистаминге сезімталдығын 
көтереді, 
кеңірдекшелердің 
бета-адренергиялық 
рецепторларын тежейді, аллергиялық антиденелердің түзілуін 
арттырады. 
Сайып келгенде, аллергия дамуына септік жағдайлар 
болып: 
● тұқым қуалаушылыққа бейімділік; 
● организм тосқауылдарының өткізгіштігі көтерілуі; 
● аллергия дәнекерлерін әсерсіздендіру жүйелердің 
бұзылыстары; 
● әлеуметтік ықпалдар (қоршаған ортаның ластанулары, 
екпелер жасау, дәрілерді қалай болса солай қабылдау 
т.с.с.) – есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет