Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет284/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сенсибилизация
деп организмге аллерген енгеннен 
кейін оның сезімталдығының біртіндеп көтерілуін айтады. 
Сенсибилизация белсенді немесе енжар болуы мүмкін. 
Белсенді сенсибилизация
антиген енгеннен кейін оған 
жауап ретінде организмнің өзінің иммундық жүйесінің 
қатысуымен дамиды. Ол үшін аллергеннің өте аз мөлшері 
жеткілікті. Мәселен, теңіз доңыздарында сенсибилизация
жағдайын алу үшін оларға бөтен қан сары суының 10 
-9 
/л 
енгізу жеткілікті болады. Сенсибилизация жағдайы аллерген 
организмге енгеннен кейін 10 -14 күннен соң пайда болады. 
Бұл кезең аллергенді тану, оған қарсы арнайыланған 
антидене және сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіру 
үшін және антиденелердің организмде таралуы, тіндерге 
кіріп, жасушаларда бекуі үшін қажет.
Енжар 
сенсибилизация
сау 
жануарларға 
белсенді 
сенсибилизацияланған жануарлардың қан сарысуын немесе 
сезімталдығы көтерілген лимфоциттерін енгізгенде дамиды. 
Бұл кезде сезімталдықтың көтерілуі 18-24 сағаттан кейін 
байқалады. Бұл уақыт қан сары суымен түскен антиденелердің 
немесе 
сезімталдығы 
көтерілген 
лимфоциттердің 
тін 
жасушаларына бекуі үшін қажет. Аллергиялық серпіліс тек 
организмнің сезімталдығын көтерген антигенге (аллергенге) 
ғана дамиды. 
Патохимиялық өзгерістер сатысында 
аллерген мен арнайы 
антидене немесе аллерген мен сезімталдығы көтерілген Т-
лимфоциттер 
байланысулары 
нәтижелерінде 
аллергияның 


342
біріншілік дәнекерлері (медиаторлары) босап шығады. Олар 
аллергиялық серпілістердің түрлеріне қарай әртүрлі болады 
(төменде келтіріледі). Артынан қабынудың бейспецификалық 
екіншілік 
дәнекерлері: 
лизосомалардың 
ферменттері, 
белсенділігі көтерілген Хагеман факторы, калликреин-кинин 
жүйесі, простагландиндер мен лейкотриендер т. б. қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   280   281   282   283   284   285   286   287   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет