Патофизиологиялық бұзылыстар сатысы осы көрсетілген
аллергияның біріншілік және екіншілік дәнекерлерінің
нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осыдан:
●
артериалық
қысымның,
майда
қан
айналымның
өзгерістеріне әкелетін қан тамырларының жергілікті және
жүйелік өзгерістері (терінің қызаруы, артериалық қан
қысымының төмендеуі т.с.с.) байқалады;
●
қан
тамырлары
қабырғаларының
өткізгіштігі
жоғарылайды, содан ісіну дамиды;
● тегіс ет жасушаларының қатты жиырылып қалуынан
бронхоспазм, ішектердің бұрап ауыруы, іш өту т.с.с.
құбылыстар пайда болады;
● қан ұю және ұюға қарсы, фибринолиздік жүйелердің
бұзылыстарынан тамыр ішінде қан қатпалары пайда болуы
немесе қан ұйымауынан қанағыштық синдром дамуы байқалады;
● эпителий жасушаларының шырыш шығару қабілеті
көтерілуінен кеңірдекшелерде тұтқыр қақырық өндіріледі;
● сезімтал жүйке аяқшалары қоздырылудан ауырусыну,
қызу, қышыну сезімдері болады;
● тіндерде жасушалардың сіңбелерімен көрінетін қабыну
дамиды;
● аллергені бар нысана жасушалардың ыдырауы (цитолизі)
байқалады.
Цитолиз үш түрлі жолмен болуы мүмкін:
♣ жасуша сыртындағы цитолиз, мәселен, эозинофилдердің
пероксидазалары
мен
катиондық
нәруыздары
сыртына
шығарылып, антигені бар жасушаларды (құрттарды) ерітіп
жібереді;
♣ жасуша ішіндегі цитолиз, мәселен, фагоцитоз кезінде
фагоциттердің ішінде ыдыратылып кету;
♣ жанасулық цитолиз, мәселен, Т-жендет жасушалары
аллергені бар жасушамен жанасудан перфорин атты нәруыз
өндіріп, нысана - жасуша қабықтарында көптеген тесіктердің
пайда болуына әкеледі және эндонуклеаза ферменттерін
әсерлендіріп,
апоптозды
әсерлендіреді.
Макрофагтар
цитокиндер
шығарып
және
лизосомалық
ферменттерінің
қатысуымен жасушаларды ерітеді.