346
ықтимал. Жиі жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі
(коллапс) байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, жиілейді. Тыныс
алу өзгереді, қатты жөтел, бронхоспазм, ауа жетіспеушілік
сезімі, тұншығу дамиды.
Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары, кейде естен тану
болады. Бұл кезде қорқыныш сезімі, қобалжу, бас ауыруы,
құлақ шуылдауы, қатты терлеу, кейде есекжем және Квинке
ісінуімен қабаттасатын, тері қышуы байқалады.
Ас қорыту жолдарының қызметі бұзылады. Осыдан жүрек
айну, құсу, іштің ауыруы, іш кебу, іш өту, кейде еріксіз
дәрет бұзылуы байқалады.
Осы
келтірілген
аллергиялық
серпілістердің
анафилаксиялық (реагиндік) түрімен атопиялық (грек.
atopia – оғаш) ауруларда дамиды. Бұл ауруларға поллиноз,
атопиялық бронхиалық демікпе, есекжем, Квинке ісінуі
т.с.с жатады. Олардың аллергендері болып эпидермис
жасушаларының антигендері, өсімдік тозаңдары, дәрілер,
тағамдық т. б. заттар есептеледі. Бұл аллергендер
организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы
түседі.
Поллиноз
(грек. pollen - өсімдіктер тозаңы) -
өсімдіктер гүлдеп тұрғанда олардың тозаңдары тыныс
жолдарына және көзге түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл
пайда
болатын
ауру.
Өсімдік
тозаңдарына
сезімтал
организмге олардың қайталап түсуі мұрынның шырышты
қабығын, көзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады.
Содан мұрыннан көп шырыш, көзден жас бөлінеді, көз
қабағының қышуы, түшкіру болады.
Достарыңызбен бөлісу: