Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет289/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бронхиалық демікпе 
кенеттен ұсақ кеңірдекшелердің 
саңылаулары тарылудан демді сыртқа шығару қиындап, 
тұншығу ұстамалары пайда болуымен сипатталады. Олардың 
саңылаулары тарылуы мына себептермен байланысты: 
● тегіс салалы еттердің жиырылуынан бронхоспазм 
дамиды; 
● 
қылтамырлардың 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
жоғарылауынан майда кеңірдекшелердің шырышты қабығы 
ісінеді; 
● 
тыныс 
алу 
жолдарының 
эпителий 
жасушаларының 
сөлденістік қызметі көтерілуінен тұтқыр қақырықпен майда 
кеңірдекшелердің саңылаулары бітеледі. 
Есекжем мен Квинке ісінуі. О
рганизмге аллерген енуіне 
байланысты тері мен шырышты қабықтардың, кейде ішкі 
ағзалардың 
өткінші 
ісінуі 
болады. 
Олар 
көптеген 
аллергендерге, дәрілерге дамиды. Бұл серпілістердің 
дамуында тектік ерекшеліктердің маңызы зор. Есекжем мен 
Квинке ісінуі даму тетіктерінде гастаминнің т. б. 


347
биологиялық белсенді заттардың босап шығуы үлкен маңызды 
орын алады. Олар прекапиллярларды, қылтамырларды және 
ұсақ 
көктамырларды 
кеңітіп, 
олардың 
қабырғаларының 
өткізгіштігін жоғарылатады. Осыдан қан сұйығының тамыр 
сыртына шығуынан теріде, шырышты қабықтарда күлдіреу 
пайда болады. Есекжем кезінде қанбайтын қышыну сезімі 
терідегі сезімтал жүйке аяқшаларының қозуынан болады. Ал, 
Квинке ісінуі кезінде бұл өзгерістер тері астындагы 
қабатта болатындықтан қышыну сезімі байқалмайды. 
Атопиялық аурулар аллергиялық серпілістердің I-ші 
анафилаксиялық түрінің патогенездік жолдарымен дамитынына 
қарамай, олардан біршама ерекшеленеді. 
Атопиялық аурулар дамуының ерекшеліктері: 
● 
бұл 
аурулардың 
дамуында 
тұқым 
қуалаушылыққа 
бейімділіктің маңызы өте зор. Олар ұрпаққа дайын күйінде 
берілмей, тек оларға қолайлы жағдай ғана беріледі. 
Қоршаған ортаның ықпалдарынан атопия дамуына бейімділік 
нағыз дертке айналады. Бұндай ықпалдар болып әр адамның 
өзіне ғана әсер ететін аллергендер есептеледі. Атопия 
дамуында, анафилаксиялық серпілістерге сәйкес арнайы 
тетік болып, аллергенге жауап ретінде организмнің IgE – 
антиденелерді артық өндірілуі маңызды орын алады. 
Атопиялық 
ауруларға 
бейімділігі 
бар 
адамдарда 
Т
х

жасушаларының нақтылануы Т
х
2 жасушалар жағына басым 
болады. 
Т
х

жасушалары 
интерлейкин 
4,5,10 
т.б. 
медиаторлар шығарады. Бұлар, әсіресе интерлейкин-4, В-
лимфоциттерінде G-иммундық глобулиндердің орнына IgE 
өндірілуін арттырады. Дені сау адамдарда IgE 0-ден 40-60 
халықаралық өлшем/мл-ге (1 халықаралық өлшем -2,4 нг) 
дейін ғана болады. Ал, атопиялық аурулар кездерінде оның 
мөлшері 100-120 өлшемнен бірнеше мың өлшемге дейін 
көтеріліп кетеді. Кейде бұл аурулар кездерінде IgE-нің 
орнына IgG

көбейеді. Оларда лаброциттер мен базофилдерге 
жабысып, аллергиялық антиденелердің міндетін атқарады. 
Бүгінгі күні 20 шақты гендердің атопия дамуындағы 
мүмкіншіліктері қаралып жатыр. Атопиялардың көріністеріне 
қарай олардың көпшілігінің орналасу орындары анықталған. 
Бұл гендер 4,5,6,7,11,13,14 хромосомаларда орналасқан. 
Оларды шартты түрде В. Куксон (W.Cookson,1996) төрт 
топқа: 
♣ жалпылама IgE өндірілуі көбеюіне бейімдейтін 
гендер; 
♣ арнайыланған IgE жауабына әсер ететін гендер; 
♣ атопияға байланысты болмай бронхиолалардың қатты 
жауап қайтаруына әсер ететін гендер; 
♣ IgE-жауаппен байланысты емес қабыну дамуын 


348
анықтайтын гендер – деп ажыратты. 
Сайып 
келгенде, 
атопиялық 
аурулардың 
дамуында 
гендердің 
ауытқуларынан 
IgE 
өндірілуінің 
артуы, 
аденилатциклаза 
ферментінің 
белсенділігі 
төмендеуі, 
сөлденістік IgA өндірілуі азаюы т.с.с. маңызды болуы 
ықтимал. 
● бұл аурулардың даму жолдарында, арнайыланған 
иммундық 
серпілістермен 
қатар, 
арнайыланбаған 
бейспецификалық тетіктер елеулі орын алады. Оларға 
мыналарды: 
♣ организмнің дербес (вегетативтік) жүйке жүйесінің 
өзара қатынасы бұзылуын; осыдан парасимпатыкалық жүйке 
жүйесінің межеқуаты көтеріліп, β
2
-адренергиялық жауап 
қайтарудың төмендеп кетуі байқалады; 
♣ лаброциттер мен базофилдердің өз беттерінше ешбір 
себепсіз немесе әртүрлі иммундық емес түрткілерге жауап 
ретінде көптеп іштеріндегі түйіршіктерін, солармен бірге 
медиаторларын, сыртқа босатып шығару қабілетінің артып 
кетуін; 
қанда эозинофилдер көбейіп, олардың шырышты 
қабықтарда шоғырлануын; 
♣ тыныс алу жолдары мен ішек-қарын жолдарынан көптеп 
шырыш шығарылуын - жатқызуға болады; 
● бұл аурулар кездерінде, белгілі бір ағзаның 
бүліністеріне ғана әкелетін анафилаксиялық серпілістерге 
қарағанда, кезкелген ағза мен тіндердің бүліністері 
байқалады. Былайша айтқанда, белгіл бір «сілеймелік 
(шоктық) ағза» болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет