343
Бұл
серпілістер
бактериялық
емес
аз
мөлшердегі
аллергендерге (шөп тозаңдарына, тұрмыстық шаңдарга, дәрі-
дәрмектерге,
тағамдық
заттарға)
дамиды.
Иммундық
серпілістер
сатысында
аллерген
мен
макрофагтардың
әсерленуінен Т
х
2 жасушалары интерлейкин-4 өндіріп, В-
жасушаларын
әсерлендіреді.
Осыдан
олар
плазмалық
жасушаларға айналып, ІgЕ немесе ІgG
4
өндіріп шығарады.
Бұл иммундық глобулиндерді аллергиялық антиденелер немесе
реагиндер (аллергияға жауапты антиденелер) дейді. Олар F
с
бөлшегімен
лаброциттердің (тіндік базофилдердің немесе
мес жасушаларының) және қан базофилдерінің сыртына
жабысады. Адамда лаброциттер теріде, шырышты қабықтарда,
тегіс салалы ет жасушаларында (бронхиолаларда, ішектерде
т. б.) көптеп орналасады. Сондықтан ІgЕ осы тіндерге жақсы
жабысады. Организмге аллерген қайталап түскенде ол
иммундық
Е-глобулиннің
Ғав-бөлшегімен
байланысып,
лаброциттердің түйіршіктерін сыртына шығаруына әкеледі
(10-сурет). ІgЕ мен аллерген байланысуынан лаброциттердің
ішіне Са
2+
иондары түседі. Осыдан жасуша ішіндегі майда
талшықтардың
жиырылуларынан
лаброциттердің
түйіршіксізденуі (дегрануляциясы) болады.
Патохимиялық
өзгерістер
сатысында
л
аброциттердің
түйіршіктерінен аллергияның дәнекерлері (медиаторлары)
босайды. Оларға гистамин, гепарин, эозинофилдер мен
нейтрофилдердің хемотаксистік факторлары жатады. Артынан
лаброциттердің
қабықтарында
фосфолипаза
ферменті
әсерленуінен фосфолипидтер ыдырап, арахидон қышқылынан
простагландиндер мен лейкотриендер түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: