473
тромбоциттердің түйіршіктерінен агрегация туындататын
заттардың
босап
шығуын
бұзады.
Осыдан
аспирин
қабылдағаннан кейін ауыр қан кетулер болады. Аспириннің
бұндай әсері қандағы бар тромбоциттер толығынан ауысқанша
(5-тәулік бойы) сақталады.
Сонымен,
тромбоцитопатиялар
олардыің
қалыпты
қызметтерінің
бұзылыстарынан
дамитын
қанағыштыққа
бейімділіктерге
әкеледі.
Олар,
тромбоциттердің
саны
мардымсыз азаюына немесе қалыпты деңгейінде болуына
қарамай,
теріде,
шырышты
қабықтарда,
жатырдан
қан
кетулермен көрінеді.
Тромбоциттердің өзгерістерінен дамитын қанағыштыққа
бейімділіктің ерекшелігі болып, қанаудың нүктелі тарғыл
бөртпелер түрінде болуы есептеледі. Бірақ жарақаттар
кездерінде ауыр қан кетулер болады. Тромбоциттердің саны
азаю мөлшерімен қансыраудың көріністерінде белгілі бір
байланыс болмайды. Бұл кездерде қан ағу уақыты ұзарады,
қан ұйындысының тартылып жиырылуы төмендейді. Ал, қан
ұюының көрсеткіштері өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: