Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Тромбоциттердің көкбауырда шоғырланып қалуы



Pdf көрінісі
бет393/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Тромбоциттердің көкбауырда шоғырланып қалуы.
Көкбауыр 
тым ұлғайып кеткенде айналымдағы тромбоциттердің 90%-на 
дейіні 
онда 
шоғырланып 
қалады. 
Осындай 
жағдайды 
тромбоциттердің секвестрациясы дейді. Ол гемангиомаларда 
да байқалуы ықтимал. Сонымен бірге көкбауыр сүйек 
кемігінде 
тромбоциттердің 
өндірілуін 
тежейтін 
зат 
шығарады. Содан шеткері қанда олардың жалпы саны қатты 
азаяды, тромбоцитопения дамиды.


471
Тұтынулық 
тромбоцитопениялар. 
Тромбоциттердің 
қан 
ұюына 
артық 
пайдаланылып 
кетуінен 
дамитын 
тромбоцитопенияны тұтынулық тромбоцитопения дейді. Олар 
тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП), гемолиздік 
уремиялық синдром (ГУС) және тамыр ішінде шашыранды қан ұю 
синдромы т.б. тромбоздар дамуы кездерінде байқалады. ТТП 
және ГУС-ың пайда болу себептері әлі анықталмаған. Бұл 
аурулар кездерінде майда артериолалар мен қылтамырларда 
тромбоциттерден тұратын қан қатпалары көптеп қалыптасады. 
Олар қан тамырларын бітеп қалады. ТТП кейде вирустық 
аурулардан 
кейін, 
бактериялық 
жұқпалардан 
немесе 
екпелерден кейін, адамның иммундық тапшылықтық вирусын 
жұқтырған адамдарда байқалады. 
ГУС негізінен балаларда кездеседі және бұл кезде 
тромбоциттерден тұратын қан қатпалары бүйрек тамырларын 
бітейді. Содан бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі өте тез 
дамиды. Бұл аурудың алдында қан араласқан қатты іш өтулер 
байқалады. Жорамал бойынша, сатқақ ауруының қоздырғышының 
(Shigella 
dysenteriae) 
уыттарының 
әсерінен 
бүйрек 
тамырларының 
эндотелий 
жасушалары 
бүлініп, 
көптеп 
Виллебранд факторы босап шығады. Содан тромбоциттердің 
адгезиясы мен агрегациясы күшейеді, көптеп қан қатпалары 
қалыптасып, айналымдағы қанда тромбоциттер қатты азаяды.
Тамыр ішінде шашыранды қан ұю синдромы төменде 
келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет