468
- сурет. Тұқым қуатын телеангэктазия.
Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
. Бұл ауру
иммундық кешендік дерттерге жатады.
Бұл дерт кезінде майда
тамырлардың бүлінуі антиген-антидене (АГ-АД) иммундық
кешені мен комплементтің әсерлерінен дамиды. Ол жұқпалы,
вирустық
аурулардан, екпелерден, дәрілер қабылдағаннан
кейін дамиды.
Сонымен қатар дененің мұздауы, күнге күю,
жарақат, жәндіктерді жоятын химиялық заттар, құрттар
геморрагиялық васкулиттің дамуына әкелуі мүмкін (-сурет).
- сурет. Шенлейн-Генох ауруы.
Геморрагиялық бөртпелер
көптеген жүқпалы аурулар
кездерінде (бактериялық эндокардит, бөртпе сүзек, қызамық,
қызылша, шешек, індетті гепатит т.с.с.) байқалады және
олар антиген-антидене
кешендерінің әсерлерінен, қан ұю
469
факторларының
артық
пайдаланылуларынан
және
қан
қатпаларының тамырлардың эндотелий жасушаларын тікелей
бүліндірулерінен дамиды.
Құрқұлақ
(скорбут) кезінде қызыл иектен т. б.
ағзалардан қан кетулері С-витамині жетіспеуінен болады.
Бұл витамин қылтамырлардың қабырғаларының
тірегін құратын
гликозамин-гликандардың түзілуі үшін қажет. Сол себептен
С- витаминінің аздығынан гликозамингликандардың түзілуі
болмайды да, қылтамырлардың өткізгіштігі қатты көтеріліп
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: