- сурет. Эндотелий жасушаларының атқаратын қызметтері.
460
Осы аталған қызметтерімен қан тамырларының эндотелий
жасушалары қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұрады.
Тромбоциттердің өндірілуі сүйек кемігінде, бауырда,
көкбауырда
(аз
мөлшерде
бүйректе)
өндірілетін
тромбопоетиннің қатысуымен реттелінеді. Сонымен бірге оны
реттеуге интерлейкин-6, интерлейкин-11, интерлейкин-3
қатысады. Интерлейкин-6 жүйелі қабынулық аурулар (құздама
тәріздес
артриттер)
кездерінде
тромбоцитоз
дамуын
сергітеді.
Тромбоциттердің іштерінде төрт түрлі түйіршіктері
болады:
● тығыз (σ-) түйіршіктерінде серотонин, адреналин,
норадреналин, Са
2+
, АДФ және АТФ жинақталады. Бұлардың
ішінде
бірінші
үшеуі
тромбоциттердің
агрегациясын
сергітетін болса, АТФ оны, керісінше, тежейді;
● альфа-түйіршіктерінде қан ұюына қатысатын (V, VIII,
XIII факторлар, Виллебранд факторы, фибриноген) факторлар,
тромбоциттердің өсу факторы болады. Соңғысы қабыну,
жараның бітуі, иммунитет дамуы кездерінде фибробластардың
және тегіс салалы ет жасушаларының өсіп-өнуіне қуатты
сергіткіш әсер етеді;
● лизосомалық түйіршіктерінде гидролиздік ферменттер
(β-лизиндер, лизоцим) жинақталған; Бұлардың көмегімен қан
тамырларының жарақаттары кездерінде денеге сырттан енген
ауру туындататын микробтардан қорғайды;
● пероксисомаларында – каталаза ферменті болады.
Бұл түйіршіктерінің өнімдері тромбоциттер әсерленгенде
сыртқы ортаға бөлініп шығарылады. Олардың әсерленуі
эндотелий жасушаларының астындағы коллагеннің және осы
жасушалардың сыртқы беттерінде пайда болған тромбиннің
қатысуымен болады. Коллаген мен тромбин тромбоциттердің
қабығындағы фосфолипаза ферментін әсерлендіріп, арахидон
қышқылын босатып шығарады. Осыдан тромбоксансинтетаза
ферментінің қатысуымен тромбоксан А
2
(ТхА
2
) және басқа
гидроксимай қышқылдары түзіледі. ТхА
2
АДФ молекуласымен
бірге
тромбоциттердің
бірімен-бірі
өзара
жабысуын
(агрегациясын) күшейтеді. Сонымен қатар тромбоциттердің
бүлінген эндотелий жасушаларының орнына барып жабысуында
(адгезиясында) және агрегациясында Виллебранд факторының
маңызы зор (- сурет).
461
-
сурет.
Тромбоциттердің
адгезиясы
мен
агрегациясындағы Виллебранд факторының (ВБФ) маңызы.
Тромбоциттер гемостазға мына жолдармен қатысады:
● олар майда тамырлардың эндотелий жасушаларымен тығыз
байланыста
болып,
оларды
қоректендіреді.
Бұны
тромбоциттердің ангиотрофикалық» қызметі дейді. Егер
тромбоциттер
қанда
азайып
кетсе,
онда
эндотелий
жасушаларының қоректенуі бұзылады да, олардың дистрофиясы
дамиды. Осыдан бұл өзгерген жасушалар өздерінің денесі
арқылы эритроциттерді тамыр сыртына шығарып жібереді,
денеде тарғыл бөртпелер пайда болады;
●
олардың
түйіршіктерінен
босаған
адреналин,
норадреналин, серотонин қан тамырларына белсенді әсер
етіп, бүлінген тамырлардың қатты жиырылуына әкеледі;
●
тромбоциттер
тамыр
қабырғаларындағы
эндотелий
жасушаларының бүлінген жерлеріне барып жабысады. Мұны
тромбоциттердің адгезиясы дейді. Ары қарай олар өзара
жабысып
(агрегациясы),
тамырдың
бүлінген
жерінде
тромбоциттік тығын құрады. Бұл кезде тромбоциттер ісінеді,
іштеріндегі
түйіршіктерін
шығарады.
Тромбоциттердің
агрегациясы АДФ, тромбин, коллаген, адреналин, тромбоксан
А
2
, ішек уыттары, вирустар, антиген-антидене кешендерінің
әсерлерінен
болады.
Сонымен
бірге
тромбоциттердің
адгезиясы мен агрегациясы болу үшін кальций, магний
иондары, фосфолипидтік фактор 3, фибриноген, Виллебранд
факторы қажет
462
● тромбоциттер қан ұюында және фибринолизде қатысады.
Қан ұюына қатысатын тромбоциттік факторларды Р (пи) -
әрпімен (ағылш. platelet – табақша) және араб цифрларымен
белгілейді. Олардың ең маңыздыларына мыналар жатады:
♣
Р
3
-шала
тромбопластин,
фосфолипидтік
фактор,
тромбоцит
мембранасының
бөлшегі,
плазмалық
қан
ұю
факторларын әсерлендіруге қатысады;
♣ Р
4
- антигепариндік фактор;
♣ Р
5
- тромбоциттік фибриноген.
Солармен бірге тромбоциттер фибринолиздік фактор
немесе фибриногеннің плазминге сезімталдығын көтеретін
фактор;
фибрин-мономерлерін
фибрин-полимерлерге
ауыстыратын
фактор;
қан
ұйындысын
жиырылтатын
-
тромбостенин бөліп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |