Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет388/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

ФИБРИНОЛИЗ 
— қанның плазминоген-плазмин протеолиздік 
ферментті жүйесімен жүреді. Қан плазмасында және әртүрлі 
тіндерде (жатыр, қалқанша без, өкпе, ұйқыбез, қуық асты 
безі) плазминогенді плазминге ауыстыратын әсерлендіргіш 
заттар (активаторлар) бар. Олар тамырлардың, әсіресе 


465
көктамырлардың, 
венулалардың, 
өкпе 
артерияларының 
эндотелий жасушаларында өндіріледі. Оларды плазминогеннің 
тіндік әсерлендіргіштері дейді және олардың бір өкілі 
болып урокиназа есептеледі.
Кейбір 
бактериялар 
туындыларының 
(мәселен, 
стрептокиназа) плазминогенді плазминге ауыстыру қабілеті 
бар. Стрептокиназа тікелей әсер етпейді. Алдымен ол 
плазминогенмен қосылып, стрептокиназа-плазминоген кешенін 
құрады, содан кейін осы кешен плазминогенді әсерлейді. 
Сонымен, плазминоген әрі әсерлеуші, әрі әсерленуші зат 
болады. Қандағы плазминогенді әсерлендіретін заттардын 
мөлшері қол жұмысынан немесе басқа ауыртпалықтардан кейін, 
организмге никотин қышқылын немесе пирогендік заттар 
енгізгеннен кейін көтеріледі. 
Қанның тамыр ішіндегі ұюы фибринолиздік жүйенің 
негізгі табиғи әсерлендіргіші болады. Плазминогеннің 
әсерленуінде белсенді Хагеман факторы (калликреин-кининдік 
және комплемент жүйелерінің қатысуымен), тромбин және 
фибрин қатысады.
Фибринолиз 
лейкоциттердің 
лизосомалық 
қышқыл 
протеазаларының әсерлерінен де болады. Фибринолиздің 
әсерлендіргіштерінің әсерінен плазминогеннің молекуласы 
ферменттік ыдырауға түсіп, плазминге айналады. Плазминнің 
фибрин - фибриногенге қарсы протеолиздік қасиеті бар. 
Фибриннің ыдырауы бірнеше сатыда өтеді. 
Сонымен бірге қан сұйығында қандағы плазминогеннің 
әсерлендіргіштеріне қарсы ететін заттар болады. Оларды 
плазминогеннің әсерлендіргіштерінің тежегіштері дейді. 
Мәселен, α -глобулиндерге жататын антиплазмин фибринолизді 
реттейді және оның үдемелі қарқынын тежейді. 
Фибринолизді емдік мақсатта арттыру бактериялардан 
алынатын ферменттердің (стрептокиназа т. б.) немесе 
урокиназаның көмегімен жүргізіледі. Керісінше фибринолизді 
тежеу үшін жасампаздық жолмен алынған аминқышқылдары
сонымен қатар жануарлардан және өсімдіктерден алынатын 
антипротеазалар (трасилол, контрикал т.с.с.) қолданылады. 
- сызбанұсқа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет