Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет385/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Гемостаздың бұзылыстары 
Гемостаз (грек. haimatas - қан, stasis - тоқтау) 
алғашында 
қанның 
тамыр 
сыртына 
шығуының 
тоқтауын 
көрсететін түсінік болып қалыптасса, қазіргі күні одан 
әлдеқайда кең мағынада қолданылады. 
Гемостаз - деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіндігін 
сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы 
қансыраудан сақтандыруға және айналымдағы қанды тамыр 
ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің
гомеостаздық 
тетіктерін 
айтады. 
Бұл 
тетіктер 
қан 
тамырларының қабырғаларының, қан жасушаларының (әсіресе 
тромбоциттердің) және қан сұйығындағы (қан ұйытқыш, ұюға 
қарсы, 
фибринолиздік, 
калликқеин-кинин 
жүйелері 
ферменттерінің) 
ферменттердің 
қатысуымен 
қамтамасыз 
етіледі. 
Қан тамырлары қабырғаларының бүліністеріне ең алдымен 


459
олар жиырылып, бүлінген жердің жоғары жағында жаңа тамыр 
аралық қосылымдары ашылып, тромбоциттердің белсенділігі 
көтеріліп, жауап қайтарады. Сол себептен қан тамырлары мен 
тромбоциттердің қатысуымен дамитын гемостазды 
біріншілік 
гемостаз
дейді. Ары қарай қанның плазмалық қан ұю фактор-
ларының әсерленуінен дамитын қанның ұюын 
коагуляциялық, 
екіншілік гемостаз 
деп атайды. 
Қан тамырлары мен тромбоциттердің қатысуымен дамитын 
біріншілік гемостаз. 
Қалыпты жағдайда қан тамырларының ішкі қабығындағы 
эндотелий жасушалары тамыр қабырғаларының тұтастығын және 
қанның тамыр ішінде сұйық күйінде сақталуын қамтамасыз 
ететін көптеген қызметтер атқарады (-сурет). Олардың 
ішінен гемостазға қатысты мыналарды атауға болады: 
● тромбоциттердің өзара жабысуын тежейтін простациклин 
өндіреді; 
● қан ұюына қарсы әсер ететін антитромбин III – 
гепарин-сульфатын өндіреді; 
● 
фибринолизді 
күшейтетін 
плазминогеннің 
тіндік 
әсерлендіргіштерін өндіреді; 
● қан тамырларының босаңсуын туындататын нитроксид 
(NO) өндіреді; 
● 
протеин 
С 
өндіріп, 
ол 
тромбомодулинмен 
байланысқаннан кейін, протеин S-пен қосылып құрған кешен 
белсенділігі көтерілген қан ұю факторларын ыдыратып
оларды айналымнан аластайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет