456
және мегакариобластар жатады.
Қалыпты жағдайда олар
эритроциттерге,
нейтрофилдерге,
моноциттерге
және
тромбоциттерге дейін нақтыланады. Жіті миелобластық лейкоз
дамуы үшін нақтылану қабілеті азайған, қатерлі өскін
туындататын, хромосомасы бүлінген бір жасушаның пайда
болуы жеткілікті.
Бұл бластық жасушалар, апоптозға
ұшырамай, барлық жағдайда тіршілігін сақтап қалады. Олар
жетілмейді және кемелденген жасушаларға нақтыланбайды да,
сүйек кемігінде және басқа тіндерде жинақталып қалады.
Осыдан жетілген эритроциттер,
лейкоциттер, тромбоциттер
азайып кетеді. Бұл лейкоздар кезінде хромосомалардың
қалыптыдан ауытқулары байқалады.
Қан жасушаларының сүйек кемігінде болатын,
жетілмеген
жас (бластық) түрлері шеткері қанға шығады және онда
лейкоциттердің жалпы саны тым қатты көбейіп кетеді.
Шеткері қанда лейкоциттердің бластық түрлерінің неғүрлым
көп болуы тез дамитын, жіті лейкоздардың белгісі болады.
Сондықтан тез дамитын миелобластық лейкоз кезінде шеткері
қанда біршама көп миелобластар кездеседі.
Бөлшектелген
ядролы нейтрофильдер азаяды. Миелобластар мен бөлшектелген
ядролы
нейтрофильдердің
арасындағы
аралық
жасушалар
(промиелоциттер, миелоциттер, метамиелоциттер және таяқша
ядролы нейтрофилдер) бірен-саран немесе мүлде болмауы
мүмкін. Бұндай жағдайды лейкемиялық үңгір (грек. hiatus
leukaemicus)
деп
айтады
(-кесте).
Сонымен,
жіті
миелобластық лейкоз кезінде сүйек кемігінде лейкоциттердің
жас,
бластық,
түрлерінің
жетіліп
кемелденуі
қатты
төмендеген және олардың шеткері қанға көптеп түсуі
байқалады (-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: