Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Лейкемия тәріздес серпілістер



Pdf көрінісі
бет378/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 
Лейкемия тәріздес серпілістер.
Шеткері қанда лейкоциттердің (миелоидтық, моноциттік 
немесе лимфоциттік жасушалардың) жетілмеген, жас түрлері 
көптеп болуымен және олардың үлкен деңгейге көбеюін 
лейкемия тәріздес серпілістер деп айтады. Бұл кезде 
лейкоциттердің жалпы саны 50-80 • 10
9
/л-ге дейін, кейде 
400-500 • 10
9
/л-ге дейін көбеюі мүмкін. Сондықтан оларды 
лейкоздан 
ажырату 
қиындайды. 
Лейкемия 
тәріздес 
серпілістер, белгілі бір аурулардың әйгіленімі (симптомы) 
ретінде, ауыр жұқпалы аурулардың немесе химиялық уытты 
заттармен организімнің уланулары кездерінде жиі дамиды. 
Олар бүкіл денеге тараған ауыр туберкулез, пиелит, 
сепсистік жағдайлар, күл ауруы, бөліктік пневмония, 
қатерлі өспелердің сүйек кемігінде метастазалары, сынап 
қосындыларымен улану кездерінде байқалуы мүмкін. 
Лейкемия тәріздес серпілістер кездерінде лейкозға тән 
қан 
өндіру 
ағзаларының 
жүйелі 
гиперплазиясы 
мен 
метаплазиясы болмайды. Олар лейкозға ешқашан ауыспайды. 
Лейкопениялар
Шеткері қанда лейкоциттердің саны 4 •10
9
/л-ден төмен 
азаюын лейкопения дейді. Пайда болу себептеріне қарай 
олар: 
● инфекциялық (іш сүзегі, тұмау, қызылша, қызамық, 
туберкулез, мерез, созылмалы сепсис, сарып, безгек т. б. 
аурулар кездеріндегі) лейкопениялар; 
● уыттық өндірістік (бензол, мұнай өнімдері, фторлық 
сутегі, күкірт ангидриді, үшнитротолуол, гидрохинон ж. б.) 
лейкопениялар; 
● дәрі-дәрмектік (амидопирин, сульфамидтік дәрілер, 
синтомицин, сынаптық, мышьяктық дәрілер, адриамицин, 6-
меркаптопурин, сарколизин, тиоТЭФ т. б. өспелерді емдейтін 
дәрілер) лейкопениялар; 
● радиациялық (иондағыш сәулелер) лейкопениялар; 
● қан аурулары (созылмалы анемиялар, лейкоздар) 
кездеріндегі лейкопениялар; 


451
● кейбір эндокриндік аурулар (акромегалия, Аддисон 
ауруы) кездеріндегі лейкопениялар; 
● жоғарғы жүйке жүйесі әрекеттері бұзылғанда, сілейме, 
коллапс кездеріндегі лейкопениялар болып ажыратылады. 
Олардың даму патогенезінің негізінде:
● сүйек кемігінде лейкоциттердің өндірілуі мен жетілуі 
және олардың шеткері қанға шығарылуының бұзылыстары;
● шеткері қанда лейкоциттердің иммундық ыдырауы артып 
кетуі – жатады. 
Лейкопениялардың 
ішінде 
ерекше 
маңыздысы 
болып 
агранулоцитоз 
есептеледі. 
Бұл 
кезде 
шеткері 
қанда 
түйіршікті лейкоциттердің саны қатты азайып, тіпті мүлдем 
жоғалып кетеді.
Агранулоцитоз дамуына әкелетін себептерге: 
● 
жұқпалар 
(іш 
сүзегі, 
безгек, 
мерез 
т. 
б. 
қоздырғыштары); 
● химиялық заттар және дәрі-дәрмектер (бензол, бензин, 
пирамидон, фенацетин, левомицетин т. б.); 
● 
иондағыш 
сәулелер 
(рентген, 
радий 
сәулелері, 
изотоптар, нейтрондар) - жатады. 
Агранулоцитоз дамуы кезінде дене қызымы көтеріледі, 
тамақтың қабынуы, некроздық баспа дамиды. Бауыр мен 
көкбауыр 
қалыпты 
мөлшерінде 
сақталады, 
геморагиялық 
құбылыстар 
болмайды. 
Бұл 
кезде 
шеткері 
қанда 
лейкоциттердің саны қатты азаяды, нейтрофилдердің саны 
тіпті 
2-5%-ға 
дейін 
төмендейді. 
Эозинофилдер 
мен 
базофилдер мүлде жоғалады. Қанда сақталған лейкоциттер 
негізінен лимфоциттерден, моноциттерден тұрады. Қызыл қан 
түйіршіктері және тромбоциттер өзгермейді. 
Агранулоцитоздың бір түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет