449
т. б. аурулар кездерінде байқалады.
Лимфоциттік лейкоцитоз (лимфоцитоз).
Лимфоциттер сүйек
кемігінде лимфопоэздың аналық жасушаларынан дамиды. Олар
В- және Т- жасушаларына ажырайды. В-жасушалары плазмалық
жасушаларға айналып иммундық глобулиндердің (IgG, М, А, Е,
Д) немесе антиденелердің түзілуін қамтамасыз етеді. Осыдан
иммунитеттің гуморалдық факторлары дамиды. Т-жасушалары,
Тх-жөрдемші,
Тс-тежегіш
жөне
Т
жады
жасушаларына
ажыратылады. Бұлар иммунитеттің жасушалық факторларын
қамтамасыз етеді. Иммундық серпілістер дамуы үшін денеге
енген антигендерді макрофагтар Т- және В-жасушаларға
таныстырып, осы жасушалардың өзара біріккен әсерлері болуы
қажет (Толығырақ аллергаяны қараңыз). Шеткері қанда
лимфоциттер санының 45%-дан астам немесе 2,5-3 •10
9
/л-ден
жоғары
көтерілуін
лимфоцитоз
дейді.
Физиологиялық
лимфоцитоз 10 жасқа дейінгі балаларда, тек өсімдіктермен
қоректенгеннен
соң,
қол
жұмысын
атқарғаннан
кейін
кездеседі. Патологиялық лимфоцитоз іш сүзегі, соқпа сүзек,
паротит, безгек, көкжөтел, паратиф В, сарып, эндокриндік
(микседема, Базед ауруы, акромегалия т. б.) аурулар
кездерінде байқалады. Салыстырмалы лимфоцитоз Аддисон-
Бирмер анемиясы, агранулоцитоз, сілейме (шок), коллапс
кездерінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: