443
анықталмайды.
Көрсе-тілгендердің
нәтижесінде
ауыр
гипоксия, геморрагиялық диатездер дамиды.
Лейкоциттердің
әсіресе гранулоциттердің азаюынан организмнің жұқпалы
ауруларға төзімділігі төмендейді.
Ақ қан түйіршіктерінің өзгерістері
Қанның
қорғаныстық
қызметі
негізінен
ақ
қан
түйіршіктерімен қамтамасыз етіледі. Оның бұл қызметінің
бұзылыстары қанда лейкоциттердің
сандық және сапалық
өзгерістерімен
көрінеді.
Олар
лейкоцитоздар,
лейкопениялар, лейкоз аурулары кездерінде байқалады.
Лейкоцитоздар.
Лейкоцитоз - деп
шеткері қанда лейкоциттердің 8 х
10
9
/л-ден астам көбеюін айтады.
Ол физиологиялық және
патологиялық болады.
Физиологиялық лейкоцитоздар тамақ ішкеннен 2-3
сағат
өткен соң дамитын -
ауқаттық
, ауыр қол жұмысын атқарғаннан
кейін -
миогендік
,
жаңа туған балаларда, жүкті әйелдерде
болады.
Патологиялық лейкоцитоз
көптеген аурулар кездерінде
дамиды. Мәселен, жұқпалы аурулар, қабыну,
қатерлі өспелер
кездерінде және қансыраудан кейін лейкоцитоздар байқалады.
Бұл лейкоцитоздар сүйек кемігінде лейкоциттердің өндірілуі
артуынан және олардың шеткері қанға көп шығуынан дамиды.
Қан
өндіру
(миелоидтық,
лимфоидтық)
тіндерінің
уақытша
гиперплазиясы:
бактериялардың
және
олардың
уыттарының, химиялық заттардың,
тіндер мен лейкоциттердің
ыдырау
өнімдерінің
әсерлерінен
болады.
Көбейген
лейкоциттердің түрлеріне қарай:
● нейтрофилдік (нейтрофилез);
● эозинофилдік (эозинофилия);
● базофилдік (базофилия);
● лимфоциттік (лимфоцитоз);
● моноциттік (моноцитоз) – лейкоцитоздарды ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: