453
Ақ
тышқандарға
кейбір
эндогендік
канцерогендік
(лейкоздан өлген адамдардың бауырынан, көкбауырынан,
лимфалық түйіндерінен, сүйек
кемігінен немесе жіті
лейкозбен ауыратын адамның зәрінен алынған) заттарды
енгізгенде лейкоз дамитыны байқалады (М. О. Раушенбах т.
б.).
Лейкоздардың пайда болуындағы вирустардың маңызы.
Ең алғаш лейкоздардың этиологиясында вирустардың
маңызына Еллерман мен Банг (1908) көрсетті. Олар
эритролейкозбен, миелобластозбен
ауыратын тауықтардың
тіндерінен
алынған
жасушасы
жоқ
сүзінділерін
сау
тауықтарға енгізу арқылы лейкоздарды алды. Осыдан кейін
тышқандарда
болатын
лейкоздардың
да
вирустардан
туындайтыны
дәлелденді.
Тышқандардың
лейкозбен
жиі
ауыратын түрлерінде вирус бөлініп алынды. Бұл вирусты жаңа
туған тышқандарға, егеуқүйрықтарға
енгізгенде оларда
карцинома, саркома, эндотелиома, лимфолейкоз дамитыны
анықталды.
Бұл
вирустан
басқа
миелолейкоз
бен
лимфосаркоманы,
эритробластозды,
жіті
миелобластық
лейкозды т. б. туындататын көптеген вирустар ашылды.
Адамның Т-жасушалы лейкозының вирусы (HTLV)
болатыны
белгілі. Сонымен бірге басқа жануарлардың да (ит, мысық,
ірі қара мал, жылқы т. б.) лейкоздарының дамуында да
вирустың маңызы көрсетілді.
Лейкоз туындататын вирустар РНК-дан тұратын вирустарға
жатады. Бұл вирустар ұзақ
мерзімде организмде жасырын
сақталуы мүмкін және әлсіз дерттік әсер етеді деп
есептелінеді. Олардың сау жануарлардың организмінде алдын-
ала болатыны анықталды.
Сонымен қатар, басқа әсерлерден дамитын лейкоздарда
вирустардан дамиды деген пікір талас жүріп жатыр. Мәселен,
рентген сәулелерінен немесе диметил-1,2-бензантраценнен
туындаған лейкоздарда вирустардың
әсерлерінен дамиды деп
есептеледі.
Зерттеушілердің
көпшілігі:
лейкозды
туындататын әртүрлі әсерлер оны өз беттерінше туындатпай,
жасырын вирустарды әсерлендіру арқылы дамытады – деп
есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: