Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет397/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

шамалы 
түрінде
қанда көрсетілген фактордың 5-20%-ы болады және 
қанау тек жарақаттан немесе хирургиялық әрекеттерден кейін 
ғана байқалады.
Басқа қан ұю факторларының тұқым қуатын тапшылықтары 
сирек 
кездеседі. 
Тұқым 
қуатын 
гипофибриногенемия 
әйгіленбей өтеді, ал афибринеогенемия ауыр қан кетулермен 
көрінеді. Өте сирек кездесетін XIII-фактордың тұқым қуатын 
тапшылығы гемофилия кездеріндегідей қатты қанауларға 
әкеледі. 
Жүре 
пайда 
болған 
коагулопатиялар. 
Қан 
ұйытқыш 
факторлардың 
тапшылығы 
әртүрлі 
жүре 
пайда 
болған 
себептерден болуы мүмкін. Оларға: 
● К- витаминінің жеткіліксіздігі; 
● бауыр аурулары; 
● қан ұю факторларының иммундық тежелуі
● қан ұю факторларының гиперкоагуляция кездерінде 
артық пайдаланылып кетуі (тұтынулық коагулопатия); 
● ғепарин т.б. қанды ұйытпайтын дәрілерді емдік 
мақсатта қабылдау - жатады.
К-витамині X, IX, VII, II қан ұю факторлары мен 
антикоагулянттар протеин С, протеин S түзілуі үшін қажет. 
Оларды К-витамин тәуелді факторлар дейді. Бұл витаминнің 
жеткіліксіздігі 
ұйқыбездің 
ауруларында, 
механикалық 
сарғыштану 
кезінде, 
антибиотиктермен 
емделуден 
ішек 
дисбактериозында, 
энтериттер 
кездерінде, 
жаңа 
туған 
нәрестелерде, антикоагулянттармен емдегенде байқалады. 
Содан тін аралық кеңістіктерге қан құйылуы, ішек-қарын 
жолдарынан қан кетулер, гематурия дамиды. 
Бауыр аурулары кездерінде онда, жоғарыда келтірілген 
К-витамин тәуелді қан ұю факторларымен бірге, К-витаминіне 
тәуелсіз V, XI, XII, XIII, I факторлардың түзілуі 
бұзылады, қанағыштыққа бейімділік байқалады. 
Қан ұюын тежейтін факторлардың артып кетуі. 
Жүре 
пайда болған қан ұюының тежегіштеріне (айналымдағы 


475
антикоагулянттарға) 
сәйкес 
ұю 
факторларына 
қарсы 
антиденелер жатады. Олардың көпшілігі қан ұюын тежеп
қанауларға әкеледі, ал антифосфолипидтік антиденелер, 
керісінше, тромбоз дамытады (тромбоздық синдромдарды 
қараңыз). 
60 жастан кейін адамдарда (еркектер мен әйелдерде 
бірдей) VIII-фактордың тежегіштері пайда болады. Олардың 
тең жартысында иммундық бұзылыстар, коллагеноздар, қатерлі 
өспелер, дәрілік аллергиялар байқалады. 
V-фактордың тежегіші хирургиялық әрекеттерден кейін, 
антибиотиктер 
қабылдаған 
немесе 
жұқпалармен 
(туберкулезбен) ауыратын қарттарда пайда болады. 
II-фактордың тежегіші жүйелі қызыл жегімен, бауыр 
циррозымен ауыратын немесе жүрек қақпақшасының протезі 
қойылған адамдарда кездеседі. 
Жүре пайда болған гепарин тәріздес антикоагулянттар 
құықасты безінің обыр өспесімен немесе плазмоциттік 
қатерлі өспемен сырқаттанатын адамдарда байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет