Артық кедергімен немесе
қысыммен зорығу:
● жүрек қақпақшаларының тесіктері тарылуы (стеноз)
кездерінде;
● қолқа саңылауы тарылуында;
● үлкен немесе кіші қанайналым шеңберлерінде қысым
көтерілуінде - дамиды. Бұл кездерде қанның жүрек
қуыстарынан шығуына кедергі ұлғаяды. Мәселен, өкпе
артерияларының немесе қолқа тамырының, жүрекше-қарынша
арасындағы
тесіктердің
тарылуы,
артериялық
қысымның
көтерілуі нәтижесінде жүрек артық кедергіні жеңу үшін
артық жұмыс атқарады. Кедергі алдындағы жүрек қуысында
артық қан жиналып, қанның көлемі мен қысымы көтеріледі.
Сонымен,
жүректің
көлеммен
немесе
кедергімен
зорығулары кездерінде де жүрек қуыстарының артық қанмен
толуынан олардың кеңеюі нөтижесінде жүрек тамырлары
жабылып, коронарлық қан айналымы бұзылуы мүмкін.
Артық қызмет атқаруға жүректің икемделістік- бейімделістік жолдары. Артық қан мөлшерін шығару үшін және жоғары кедергіні
жеңу үшін жүрек үлкен жұмыс атқара отырып, қанайналым
бұзылыстарын икемделістік жолдармен түзейді. Бұл кезде
жүректің зорығу түріне қарай әртүрлі икемделістік-
бейімделістік тетіктер дамиды. Олар: жедел дамитын
қысқамерзімді және баяу дамитын ұзақ мерзімді, тұрақты
түрлерде болады.
Жедел дамитын қысқамерзімді икемделістік тетіктер :
● қанның артық мөлшерде жүрек қуысына түсуінен болатьш
зорығу кезінде жүректе Франк-Старлинг заңдылығы бойынша
гетерометрлік икемделістік тетік іске қосылады. Диастола
кезінде жүрек қуысының қанға артық толуы ет талшықтарының
қатты созылуына әкеледі. Сондықтан жүрек систола кезінде
қатты жиырылады және оның жиырылу күші ұлгаяды. Осының
нәтижесінде қанның жүректен шығатьш көлемі үлкейеді және
бұл жағдай тоногендік дилятация (кеңу) деп аталынады. Бұл
тетік белгілі мөлшерде болады, ал ет талшықтары тым қатты
созылса, онда жүрек жиырылуының күші азаюы мүмкін. Өйткені
жүректің диастола кезінде тым қатты керілуі коронарлық
қанайналымды
қатты
бұзып,
миокардтың
қоректенуін,
оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатады; Осыдан энергия
491 түзілуінің бұзылуы жүрек етінің жиырылуын әлсіретеді. Ары
қарай тоногендік дилятация миогендік керіліп кетуге
айналады;
● жүректен ағып шығатын қан жолдарындағы кедергінің
немесе қысымның көтерілуінде