гомеометрлік икемделістік
тетік дамиды. Бұл жағдайда жүрек ет талшықтарының ұзындығы
қатты созылмайды, бірақ диастоланың соңындағы ет қысқару
кезінде пайда болатын қысым мен ет ширығуы ұлғаяды. Жүрек
жиырылуының күші бірден көтерілмей, келесі әр жүрек
жиырылуына қарай, тұрақты минөттік қан көлемін сақтауға
қажетті деңгейге дейін, біртіндеп жоғарылайды. Белгілі
мөлшерде жүрек жиырылуындағы ширығу қуаттылығы қан ағуға
қарсы кедергінің мөлшеріне тікелей байланысты болады. Бұл
мөлшерден асып кеткенде жүректің жиырылу күші жеткіліксіз
болады. Бұл икемделістік тетік кезінде жүрек еттерімен
оттегін
пайдалану
тым
қатты
өседі.
Сондықтан,
гетерометрлік тетікке қарағанда, гомеометрлік тетік жүрек
үшін онша пайдалы емес;
● минөттік қан көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұратын
икемделістік тетіктерге
тахикардия жатады. Ол оң жақ
жүректің қуысында қан қысымы көтерілуінің синустық-жүрекше
торабына тікелей әсерінен және жүректен тыс жүйкелік-
сұйықтық әсерлерден дамиды. Бұл икемделудің ең пайдасыз
тетігі. Өйткені, ол, біріншіден, оттегінің көп мөлшерде
шығындалуымен қабаттасады, екіншіден, миокардтың қалпына
келіп,
демалуына
әкелетін
диастоланың
қыс-қаруына
байланысты,
макроэргиялық
қосындылардың
өндірілуін
азайтады;
үшіншіден,
жүрек
ішіндегі
гемодинамикалық
өзгерістер нашарлайды. Қарыншалар диастола кезінде қанға
толып
үлгермейді,
систола
аз
қанмен
болады
(гипосистолия).
Баяу дамитын ұзақ мерзімді, тұрақты икемделістік тетіктер. Жүректің жоғарыда көрсетілген барлық зорығуларына
икемделістік гиперфункция тән. Бұл жүректің икемделістік
гиперфункциясы ұзақ мерзімде тұрақты икемделістік тетіктер
дамуына әкеледі. Миокардта арнайы зат алмасу және
құрылымдық өзгерістер пайда болып, жүректің массасы мен
жұмыс атқару қабілеті көтеріледі. Миокардтың гипертрофиясы
дамиды.
Жүректің икемделістік қызметі көтерілуі кезінде
миокардтағы зат алмасу, құрылымдық және функциялық
өзгерістер үш сатыда өтеді (Ф. 3. Меерсон):
● апаттық саты;
● қалыптасқан гипертрофия және салыстырмалы тұрақты
гиперфункция сатысы;
● біртіндеп жүрек қызметінің әлсіреуі немесе үдемелі