497
Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық
көріністері.
Созылмалы
жүрек
қызметінің
жеткіліксіздігі
мына
белгілермен әйгіленеді:
● жүрек қуыстарында қанның қалдық көлемі және қысымы
көтерілуден
оның қуыстары кеңиді, көлемі ұлғаяды;
●
жүректің
насостық
қызметі
бұзылудан
қанның
систолалық шығарылымы азаяды,
соққылық және минөттік қан
көлемдері төмендейді, қанайналым жылдамдығы 2-4 есе
баяулайды, қан көктамырларда іркілуден оларда қысым
жоғарылайды;
● артериялық
қан қысымы төмендейді; бірақ ол жүректен
тыс реттелу тетіктерімен теңгеріліп тұруы мүмкін;
● қуыс көктамырлар мен оң жақ жүрекше қуыстарында қан
іркілуінен симпатикалық жүйкелер қозып, тахикардия дамиды;
● ағзалар мен тіндерде
микроциркуляция бұзылудан
қанайналымдық гипоксия дамып, ентік пайда болады,
тері мен
шырышты қабықтарда көгілдірленуі (цианоз) байқалады;
● қылтамырлардың іштерінде қан қысымы көтерілуден
және
ренин-ангиотензин-әлдостерон-вазопрессин
жүйесі
әсерленуден дене мүшелерінің ісінуі болады.
Төсек тартып
жатқан науқастардың астыңғы жақтарында, артынан бүкіл
денеде тері асты торшаларын қамтитын ісінулер (анасарка)
пайда болады. Сонымен қатар сұйықтар организмнің сірі
қуыстарында жиналады (гидроторакс, гидроперикардиум, іш
шемені). Бауырдың ісінуінен артынан бауыр циррозы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: