508
тапшылықтық вирусы, Эпштейн-Барр вирусы, цитомегаловирус
т. б.вирустардың) әсерлерінен миокардит дамиды.
Эндокриндік
бездердің
аурулары
(қантты
диабет,
тиреотоксикоз, микседема, акромегалия, феохромоцитома
т.с.с.) кездерінде миокардтың бүліністері байқалады.
Уытты кардиомиопатиялар ауыр металдардың (қорғасын,
кадмий, кобальт т. б.), дәрі-дәрмектердің (адриамицин,
доксорубицин, туберкулезге қарсы антибиотиктер т.б.),
ішімдіктің әсерлерінен дамиды. Арақты көп ішетін
адамдарда маскүнемдік кардиомиопатия байқалады.
Сонымен
бірге,
жүрек
ауруларының
бір
түріне
электролиттік-стероидтық миокардиопатия жатады. Г. Селье
егеуқүйрықтарға
натрийдің
сульфаттық
тұздарын
артық
мөлшерде жіберіп, жүректе жиі некроздық бүліністер пайда
болатынын көрсетгі. Егер бұл тұздарды кортикостероидтық
гормондармен бірге енгізсе, онда көрсетілген бүліністер
тұзды аз мөлшерде енгізгеннің өзінде пайда болады немесе
тым қатты дамиды. Осындай жағдайлар адамда да болуы
мүмкін.
Ас
тұзын
көп
пайдаланатын
адамдарда
бұл
гормондардың артық түзілуіне әкелетін жағдайлар (ауыр қол
жұмысын атқару, жан-дүниелік күйзелістер т. с. с.)
миокардтың бүліністерін туындатуы мүмкін. Ал, калийдің,
магнийдің иондары бұл жағдайлардан сақтандыратыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: