507
● дилятациялық (керіліп кетулік);
●
гипертрофиялық;
● рестрикциялық (қуысы тарылулық);
● аритмия туындататын оң жақ қарыншаның дисплазиясы;
● ажыратылмайтын – деп 5 түрге бөледі.
Дилятациялық кардиомиопатиялар
кезінде жұқпалар мен
олардың уыттарына миокардтың
сезімталдығының көтерілуі
аутосомдық-үстем түрде ұрпаққа тарайды. Бұл кезде жүрек
қуыстары қатты кеңиді,
гипертрофия байқалмайды, жүрек
соққылық қан көлемі азаяды, жүректің жиырылу күші
әлсірейді;
Гипертрофиялық кардиомиопатиялар
аутосомды-үстем түрде
ұрпақтан
ұрпаққа ауысады, оның негізінде β-миозиннің ауыр
тізбегі түзілуіне жауапты гендердің өзгерістері болатыны
анықталды. Бұл кезде миокардта үлкен гипертрофия дамиды,
жүректің
босаңсу қызметі бұзылады;
Достарыңызбен бөлісу: