Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Коронарогендік емес (дисметаболизмдік) миокардтың



Pdf көрінісі
бет421/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Коронарогендік емес (дисметаболизмдік) миокардтың 
бүліністері.
Жүректе коронарлық қанайналым өзгермей-ақ, әртүрлі 
себептерден 
ондағы 
зат 
алмасуларының 
біріншілік 
бұзылыстарынан 
дамитын 
миокардтың 
бүліністерін 
дисметаболизмдік 
бүліністер 
дейді. 
Бұларға 
кардиомиопатиялар жатады. 1996 ж. Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау ұйымының (ДДҰ-ның) сарапшылары: 
«жүрек қызметінің 
бұзылыстарымен 
көрінетін 
миокард 
ауруларын» 
кардиомиопатиялар
деп анықтады. Сол себепті: жүрек 
қызметінің 
өзгерістеріне 
әкелетін, 
коронарлық 
қанайналымның бұзылыстарынсыз дамитын, миокард дерттерін 
кардиомиопатиялар деуге болады
.
Олар біріншілік немесе 
идиопатиялық
және 
спецификалық
деп ажыратылады. 
БДҰ-ның сарапшылары идиопатиялық кардиомиопатияларды: 


507
● дилятациялық (керіліп кетулік); 
● гипертрофиялық; 
● рестрикциялық (қуысы тарылулық); 
● аритмия туындататын оң жақ қарыншаның дисплазиясы; 
● ажыратылмайтын – деп 5 түрге бөледі. 
Дилятациялық кардиомиопатиялар
кезінде жұқпалар мен 
олардың уыттарына миокардтың сезімталдығының көтерілуі 
аутосомдық-үстем түрде ұрпаққа тарайды. Бұл кезде жүрек 
қуыстары қатты кеңиді, гипертрофия байқалмайды, жүрек 
соққылық қан көлемі азаяды, жүректің жиырылу күші 
әлсірейді; 
Гипертрофиялық кардиомиопатиялар
аутосомды-үстем түрде 
ұрпақтан ұрпаққа ауысады, оның негізінде β-миозиннің ауыр 
тізбегі түзілуіне жауапты гендердің өзгерістері болатыны 
анықталды. Бұл кезде миокардта үлкен гипертрофия дамиды, 
жүректің босаңсу қызметі бұзылады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   417   418   419   420   421   422   423   424   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет