Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет49/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Физикалық тәуелділік 
– деп жан-дүниесіне әсерлі 
заттарды қабылдауды тоқтатқанда адамның әл-қуатының қатты 
әлсіреуімен, 
бұлшықеттердің 
сырқырап 
ауыруымен, 
сіңірлердің 
тартылуларымен, 
орталық 
жүйке 
жүйесі 
әрекеттерінің, ішкі ағзалар мен жүйелердің қызметтерінің 
терең бұзылыстарымен көрінетін жағдайды айтады. Бұл 
тәуелділік бар жағдайда жан-дүниеге әсерлі заттарды 
қабылдауды тоқтатқанда д
оғару синдромы 
дамиды. Ол науқас 
адам рухының, жүйке жүйелерінің және әл-қуатының қатты 
бұзылыстарымен сипатталады. Осыдан: 
● 
қатты 
қобалжу

жабырқау, 
жайсыздық, 
қанағат 
сезімінің жоғалуы, өзін қоршаған ортаға өшігу т.с.с. жан-
дүниелік өзгерістер байқалады; 


61
● 
бұлшықеттердің сырқырап ауыруы, аяқтардың сіңірлері 
тартылуы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы және 
өтуі, артериалық қысымның өзгеріп тұруы, тершеңдік, жүрек 
қағуы, ұйқы қашуы сияқты вегетативтік және физикалық 
бұзылыстар дамиды; 
Доғару синдромының жіті кезеңі 4-5 аптаға дейін 
созылады. 
Есірткіні 
қабылдаудан 
мүлде 
ұстанған
нашақорлардың жағдайы біртіндеп түзеледі. Бірақ оның 
кейбір белгілері бірнеше ай бойы сақталуы мүмкін.
Нашақорлық пен уытқорлық даму сатылары. 
Есірткілік затты кездейсоқ қабылдау кезінде болашақ 
нашақор оны кез келген уақытта қабылдамай тастайды – деп 
есептейді. 
Көпшілік 
жағдайларда 
есірткіні 
бірінші 
қабылдау 
кезіндегі 
басынан 
өткізген 
шаттаныстық, 
рахаттану сезімдері оны қайталап қабылдауға мәжбүрлейді, 
біртіндеп рухани тәуелділік дамуына әкеледі. 
Нашақорлық пен уытқорлықтың даму жолдарында: бастапқы 
сатысы, физикалық тәуелділік сатысы және ақырғы сатысы - 
деп үш сатыны ажыратады. Әрбір жағдайда олар әртүрлі 
болуы немесе басқаша аталулары да мүмкін. Бірақ оларға 
тән жалпы заңдылықты ортақ құбылыстар болады. 
Бастапқы саты
жан-дүниеге әсерлі затқа рухани әуестік 
дамуымен және қайталап оны қабылдағанда көңіл-күйін 
шаттандыратын оның бастапқы әсері азаюымен сипатталады. 
Сондықтан 
нашақорға 
алғашқы 
көңіл-күйінің 
айқын 
шаттанысын қайталап сезіну үшін есірткінің дозасын 
біртіндеп ұлғайту қажеттігі туындайды. Есірткіні қабылдау 
аралықтарында адамның қанағаттанбаған жайсыздық сезімі 
болып, 
оның 
жұмысқа 
қабілеті 
төмендейді. 
Бұларды 
есірткінің 
үлкен 
мөлшері 
ғана 
жоя 
алады. 
Осыдан 
нашақордың 
есілдерті 
әрдайым 
оның 
жаңа 
дозаларын 
қабылдауға бағытталады. Бұл сатысы 2-6 айға созылады. 
Содан біртіндеп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет