Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет46/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ұйықтатын дәрілер
қалай болса солай ұзақ бақылаусыз 
қабылдаудан тәуелділік синдромын дамытады, организмнің 
төзімділігін арттырады. Содан оларды қабылдау өлшемдері 
біртіндеп көбейе береді. Оларды қабылдауды тоқтатқаннан 
кейін доғару синдромы дамиды. Ол ішкі ағзалардың 
ауытқуларымен, 
қимыл-қозғалыстың 
бұзылыстарымен, 
бұлшықеттердің әлсіздігімен, адамның есеңгіреуімен, кейде 
қояншық ауруына ұқсас ұстамалармен көрінеді. Бұл кезде 
артериалық қан қысымы қатты төмендейді, адамда әртүрлі 
сандырақтар 
мен 
елестер 
байқалады. 
Барбитураттарды 
қабылдап жүргенде ішімдіктер ішіу оларға рухани және 
физикалық тәуелділіктер дамуын тездетеді. 
Паркинсонизм ауруын емдеуге қолданылатын дәрілердің
кейбірлері (мәселен, циклодол) көңіл-күйді шаттандырып 
масаттандыратын, көзге елестер туындататын әсер етеді. 
Оларды 
ұзақ 
қабылдаудан 
рухани 
және 
физикалық 
тәуелділіктер дамиды, соңғы сатыларында адамның ақыл-
есінен адастырады, жадыда сақтауды әлсіретеді, өзіне-өзі 
қол жұмсауға талпыныстар болып, әлеуметке қарсы әрекеттер 
жасалады. 
Психотроптық дәрілердің ішінде лизергин қышқылының 
өнімдері ерекше орында тұрады.
Лизергин қышқылының 
диэтиламиді (ЛСД-25), мескалин және псилоцибин емдік 
мақсаттарда қолданылмайды. Бұлар көзге елестер пайда 
болуына әкеледі. Сондықтан оларды елестеткіш есірткілер 
дейді. Бір рет қолданудың өзінде жан-дүниелік өзгерістер 
пайда болып, жіті психоздар дамиды. Олар дербес жүйке 
жүйесінің 
әрі 
симпатикалық, 
әрі 
парасимпатикалық 
бөліктерін 
бүлдіріп, 
вегетативтік 
реттелулердің 
бұзылыстарына және тыныс алу орталығының салдануынан 
адамның өліміне әкеледі. Қайталап оларды қабылдағанда 
рухани тәуелділік байқалады. ЛСД-25 және мескалин өте тез 
және күшті әсер ететін заттарға жатады. Олардың әсері 
бірнеше минуттардың ішінде дамиды. Әдетте жүрек қағуы, 
артериялық қан қысымы және дене қызымы көтерілуі, көңіл-
күйдің өзгерістері, қоршаған ортаның айғақтығын сезіну 
бұзылуы, әртүрлі елестер, сезімталдықтың өзгерістері 
байқалады. Кейде негізсіз үрейден зорлық жасауға, 
қоршаған ортасын ойрандауға, лаңкестік істерге итермелеуі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет