Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


♣  болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін  қалпына келеді;  ♣



Pdf көрінісі
бет54/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

♣ 
болбыраған бұлшықеттері ішімдік ішкеннен кейін 
қалпына келеді; 
♣ 
мінез-құлқы мен тәртібінің өзгерістері (көңіл-
күйінің тұнжырауы, үрей, ұйқысы қашу т.с.с.) байқалады; 
♣ 
әлеуметтік жағдайларға бейімделуі бұзылады. Рухы 
азаюы, настық, қалай болса солай киіну, отбасында 
шиеленістерге бару (жұбайынан ажырасу, бөлек тұру), 
айналасынан оқшаулану, заң бұзушылыққа бару, рухани және 
физикалық жайсыздықтардың арақ ішкеннен кейін жоғалуы 
т.б. белгілер байқалады; 
♣ 
бірнеше қабат арақты қоюға немесе оны аз ішуге 
нәтижесіз талпыныстар жасайды; 
♣ 
ішімдік ішуден басқада шаруасы болмайды; 


66
♣ 
жұмысқа деген қабілеті мен қызығушылығы азаяды, 
бірге істейтін әріптестерімен қақтығысу, жұмысқа кешігу, 
жұмыс орнын жиі ауыстыру т.с.с. белгілермен көрінеді; 
♣ 
мастық кезінде жасағандарын ұмытып қалады; 
♣ 
отбасы мүшелерінің немесе достарының ішімдік 
ішуден өзгерген тәртібіне шағымданулары болады. 
● ішкі ағзалардың қызметтері бұзылады: 
♣ жүйке жүйесінің бұзылыстарынан: энцефалопатия, 
психоздар дамуы, көңіл-күйдің толқулары, маскүнемдік 
елірме, әртүрлі елестер мен сандырақтар, соның ішінде 
қызғаныштық сандырақтар, өзіне қол жұмсауға талпыну, 
озбырлыққа бейімділік, соңғы өткен оқиғаларға жадының 
әлсіреуі, шеткері жүйкелердің бұзылыстары дамиды. Ауыр 
түрлерінде 
ақыл-есінен 
адасады. 
Маскүнемдіктің 
нәтижесінде миға қан құйылу, қояншық ауруына ұқсас 
ұстамалар, 
дірілдеу-қалтылдау, 
қимыл-қозғалыстың 
бұзылыстары, есту және көру жүйкелерінің семуі байқалады; 
♣ ас қорыту жолдарының бұзылыстарынан: тәбеттің 
жоғалуы, жүрек айну, құсу, іш ауыруы, бауырдың созылмалы 
дерттері (онда май шоғырлануы, цирроз), асқазан мен 
ұлтабарда ойық жара, ұйқыбездің қабынуы (панкреатит) 
дамуы, 
астың 
және 
онымен 
бірге 
витаминдердің, 
аминқышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары байқалады; 
♣ жүрек-қан тамырлар жүйесі бұзылыстарынан: шамалы 
артериялық гипертензия, жүрек аритмиялары, маскүнемдік 
кардиомиопатиялар дамиды; 
♣ тыныс алу жүйесінде жиі аспирациалық пневмония, 
бронхит байқалады; 
♣ 
эндокриндік 
жүйенің 
бұзылыстарынан 
зат 
алмасуларының 
өзгерістері: 
гиперхолестеринемия, 
гипертриглицеридемия, 
гиперлипидемия, 
гиперлипопротеидемия, гипербеталипопротеидемия дамуына, 
беттің және кеуденің жоғары жақтарына май жиналуына, 
еркектердің емдектерінің ұлғаюына (гинекомастия) әкеледі. 
Ішімдіктен ессіз күй жағдайларында гипогликемиядан адам 
жиі жан тапсырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет