68
бұзылыстарымен көрінеді. Бұндай адамдардың жүйкесі толық
тозған, эмоциясы жоғалған, мінез-құлқы ашушаң, қатігез
болады және айналасындағыларға тек өшіккендік сезім
қалыптасады.
Оларда энцефалопатия, полиневриттер дамиды,
артынан ақыл-есінен адасу, ұдайы елестер және қызғаныштық
сандырақтар болады. Сонымен бірге барлық ішкі ағзалардың
(жүректің, бауырдың, ішек-қарынның, бүйректің, т.б.) және
жүйелердің қызметтері бұзылады. Маскүнемдікпен ауыратын
адамдардың 5-8 % -нда доғару синдромы сана-сезімінің
бұзылуымен, әртүрлі елестермен, селкілдекпен, жүрек,
тыныс алу қызметтерінің бұзылыстарымен және өліммен
аяқталуы ықтимал.
Темекі түтінінің әсері.
Темекі шегуде уытқорлықтың бір түріне жатады.Темекінің
түтінінде көміртегі тотығы, никотин, 3,4-бенз(а)пирен,
азот тотықтары, никель, хром, кадмий т.с.с.
көптеген
зиянды заттар болады. Оның уыттылығы негізінен никотинмен
айқындалады және, жеңілірек түрде болса да, уытқорлықтың
жалпы
заңдылықтарымен
сипатталады.
Темекі
тартатын
адамдардың денесіне оның түтіні уытты әсер етеді. Ол
организмді уақытша сергітетін әсер етіп, артынан жүйке
жүйесін тоздырады, адамның жұмысқа қабілетін төмендетеді.
Темекі шегу жас балалық шақта, ересек адамдарға
еліктеуден және өзінің ер жеткенін көрсету үшін мақтаныш
ретінде басталады, әйелдер тым толып кетуден сақтану үшін
шылым
тарта
бастайды.
Артынан
никотиннің
әсеріне
организмнің
бейімделуі
болып,
темекі
шегу
әдетке
айналады. Шын мәнінде темекі шегу организмде май
түзілуіне
қажетті
ферменттерді
тежеп,
семіруден
сақтандырады, көңіл-күй қобалжуларын басады.
Бірақ оның
зиянды жақтары бұл көрсетілгендерден әлдеқайда басым
болатынын ескеру қажет. Темекі шегетін адамдардың орташа
өмір жасы оны шекпейтіндерге қарағанда қысқа болатыны
белгілі. Шылым шегу:
● жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларына әкелетіні
дәлелденген. Темекі түтініндегі көміртегі тотығының және
никотиннің әсерлерінен қан тамырларының атеросклерозы,
жүректің ишемиялық ауруы, аяқ-қол тамырларының ішкі
саңылауы бітеліп қалуын туындататын
эндоартериит дамиды;
● шылым тартудан созылмалы бронхит, өкпе қабынуы,
өкпе эмфиземасы, пневмосклероз дамып, өкпенің желдетілуі
(вентиляциясы)
бұзылады.
Темекінің
түтіні
өкпе
ұяшықтарындағы
макрофагтардың
лизосомалары
мен
фаголизосомаларын
бүліндіріп,
олардың
фагоцитоздық
белсенділігін төмендетеді. Ол макрофагтарда ц ГМФ алмасуы
69
бұзылудан болады - деген жорамал бар;
● темекі шегу өкпеде обыр өспесі дамуына қауіп-қатер
төндіреді.
Өйткені
темекі
түтінінде
болатын
3,4-
бенз(а)пирен, хром, кадмий өспе туындататын заттарға
жатады;
● темекі түтіні шырышты
қабықтарды тітіркендіріп, иіс,
дәм сезімдерін азайтады, сілекей бөлінуін көбейтеді,
қызыл иекті болбыратып, ауыз қуысының кілегей қабығында
ойық жаралардың пайда болуына, тіс кіреукесі мен оның
қатты қабаты бүліністеріне әкеледі;
● темекі тартатын адамдардың арасында асқазан мен
ұлтабардың ойық жарасы, ішектердің
талаурап қабынуы жиі
кездеседі;
● жүктілік кезінде темекі шегуден түсік тастау,
мерзімінен
бұрын
босану,
жүктіліктің
асқынулары
байқалады. Туған балаларда өспе өсу мүмкіншіліктері
жиілейді
(трансплаценталық
канцерогенезді
қараңыз).
Темекі тартатын әйелдерде етеккір келуінің ерте тоқтауы
және жыныстық құштарлықтың төмендеуі болады;
● темекі тартуды тоқтатқаннан кейінде, шамалы болса
да,
доғару
синдромының
белгілері
байқалады.
Олар
нашақорлар
мен
уытқорлардағыдай
ауыр
рухани
және
физикалық тәуелділіктермен байқалмағанымен, шамалы түрде
никотинге рухани тәуелділік айқын білінеді. Доғару
синдромы соңғы тартылған сигареттен кейін 90-120 минөт
өткеннен соң дамиды және 24 сағаттан соң ең үлкен
дәрежеге жетеді. Ол бірнеше аптаға созылады. Бұл кезде
адамның
қатты темекі тарқысы келеді, көңіл-күйінің
жабырқауы, беймазалық, қобалжу, зердесінің бұзылуы, ұйқы
басу немесе ұйықтай алмауы, ашушаңдық, тәбеттің артуы
және дене массасы ұлғаюы сияқты әйгіленімдер байқалады.
Оларды жеңу, нашақорларға қарағанда, біршама жеңілірек
болады.
Достарыңызбен бөлісу: