65
алкогольдегидрогеназа
ферментінің
қатысуымен
ацетальдегидке дейін ыдыратылады. Бұл зат ары қарай
ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің
қатысуымен су мен
көмірқышқылы газына дейін тотығады. Ацетальдегидтің бір
бөлігі қанмен айналып жүріп, ағза мен тін жасушаларына
жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді. Ол
мида
дофаминнің және апиынға жауап қайтаратын жүйенің түзілуін
көбейтеді. Мидағы дофаминге және апиынға жауап қайтаратын
жүйелер өзара тығыз байланысты болады. Осыдан мидың
қызметтері бұзылады. Бұл бұзылыстар қандағы этанолдың
деңгейімен тікелей байланысты. Егер қанда оның деңгейі 50
мг%- болса, онда ол көңіл-күйдің қобалжуын басады, 50-150
мг% болғанда – қимыл-қозғалыстың үйлесімдігін бұзады,
150-200 мг% болғанда
- ауыр уыттандыру туындатып,
организмнің қатты қозуына әкеледі, ал 300-400 мг% -ке
жеткенде адамды есінен тандырады да, 400 мг%-дан
асқанда
адамның өліміне әкеледі.
Маскүнемдікпен
ауыратын
адамдарда
ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің белсенділігі қатты
төмендеген болады. Тектік ерекшеліктерге байланысты оның
аз белсенділігі тіпті бар жоғы 20-30 мл
арақ ішкеннен
кейін-ақ
ацетальдегидтің
қандағы
деңгейін
қатты
көбейтеді. Осыдан кейбір адамдардың беттері аз ішімдік
ішкеннің өзінде қызарып кетеді.
Маскүнемдіктің клиникалық көріністері:
●
жалпылама көріністері:
♣
адамның бет әлпеті әжімделіп,
қартайып көрінеді,
беті домбыққан, қызғылтым болады, артынан қызарады. Ары
қарай ішпегенде қызару біртіндеп кетеді.
Бірақ бозарған
бет ұштарында, мұрын желбезектерінде, мойында, ұртта,
кеуденің жоғары жақтарында қан тамырлары кеңейіп керілген
болады;
Достарыңызбен бөлісу: