77
анафилаксиялық
(реагиндік),
цитотоксиндік,
иммундық
кешендік
және
жасушалардың қатысуымен дамитын
– деп төрт
түрге ажыратады (Аллергия тақырыбын қараңыз)
Жалған аллергия.
Клиникалық көріністері аллергиялық
серпілістерге өте ұқсас болып келеді. Бірақ олардан
жалған
аллергияның айырмашылығы болып, оның иммундық
жүйенің қатысуынсыз өтуі есептеледі. Ол организмнің
дәрілермен бір мәрте түйісуінен-ақ дамиды. Бұл кезде
жалған
аллергияның
дамуында
дәрілердің
әсерлерінен
лаброциттердің, қан базофильдерінің, комплемент жүйесінің
туа біткен немесе жүре
пайда болған жауап қайтару
ерекшеліктері маңызды орын алады. Осыдан дәрілердің
әсерлерінен көрсетілген жасушалардан биологиялық белсенді
заттардың
(гистамин,
серотонин,
простагландиндер,
лейкотриендер) босап шығуы артып кетеді. Оларды дер
кезінде әсерсіздендіру жүйелерінің жеткіліксіздігінен
организмнің дерттік жауап қайтару қабілеті қалыптасады.
Жалған
аллергиялық
серпілістер
наркоздық
емес
аналгетиктерге,
рентгенайқындағыш заттарға, қан сұйығын
алмастыратын ерітінділерге т.с.с. дәрілерге жиі дамиды.
Олардың дамуында мына тетіктердің маңызы болуы
ықтимал:
● гистаминдік;
● комплемент жүйесі
шамадан тыс әсерленіп кетуі;
● арахидон қышқылы алмасуының бұзылыстары.
Достарыңызбен бөлісу: