Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет64/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Идиосинкразия
Идиосинкразия (гр. idios – әдеттен тыс, күтпеген, 
өзіндік, synkrasis – араласу) – деп организмнің тегіне 
байланысты немесе белгілі бір дерттің зардабынан жүре 
пайда болған кейбір дәрілерге оның дерттік көтеріңкі 
серпілісін айтады. Оның даму негізінде зат алмасуларына 
қатысатын 
белгілі 
бір 
ферменттің 
болмауы 
немесе 
белсенділігі төмен болуы жатады және ол мына жағдайлармен 
көрінеді: 
● дәрілердің тіпті аз мөлшерлеріне адамның қатты 
сезімталдығымен; 
● дәрілердің тіпті көп мөлшерлерінен емдік нәтиженің 
болар болмас болуымен; 
● дәрінің фармакологиялық әсері бағытталмаған басқа 
жүйелерді өзгертулерімен - айқындалады. 
Мәселен, кейбір безгекке қарсы дәрілерді (примахин, 
акрихин), 
ауырусынуды 
және 
дене 
қызуын 
басатын 
(фенацетин, аспирин), нитрофурандарды, сульфаниламидтерді 
т.б. тотықтырғыш қабілеті бар дәрілерді глюкоза-6-
фосфатдегидрогеназа (Г-6-ФДГ) ферменті тапшылығы бар 
науқастар қабылдағанда гемолиздік анемия дамиды.
Жас 
балаларда 
глюкуронилтрансфераза 
ферментінің 
белсенділігі төмен болудан левомицетинмен емдеу ауыр 
уыттануға әкеледі. Содан дене қызымы, артериялық қысым 
күрт төмендейді, цианоз, іш кебуі, тыныстың тарылуы 
байқалады. 
Сондықтан 
12- 
жасқа 
дейінгі 
балаларға 
левомицетин тағайындауға болмайды. 


80
Дәрілердің өспе туындататын (канцерогендік) әсері. 
Адамдарда 
торотрастың, 
күшаланың 
бейорганикалық 
қосындыларының, кейбір цитостатикалық дәрілердің өспе 
туындатаны белгілі. Цитостатиктердің ішінде циклофосфамид 
жиі өспе дамытады. Оны қабылдағаннан кейін 14-85 айдан 
соң қуықта, емшекте, өт қабында және анабезде обыр өспесі 
дамитыны белгілі. Ішіп қабылдайтын бала бітірмейтін 
дәрілердің де өспе туындататын әсері әдебиеттерде 
жарияланған. 
Дәрілік 
заттар 
шынайы 
канцерогендер 
немесе 
проканцерогендер түрлерінде әсер етулері ықтимал. Шынайы 
канцероген ретінде күшаласы бар дәрілер, хлорнафазин әсер 
етеді. Олар организмде ешбір өзгерістерге ұшырамай 
тікелей өспе туындатады (Л.М. Шабад, 1968, Б. Т. 
Билицкий, Я.В. Шпарик, 1984). Торотраст, изониазид, 
уретан, эстрогендер проканцерогендерге жатады. Олар 
организмге түскеннен кейін химиялық өзгерістерге ұшырап, 
канцерогендерге айналады. Кейбір дәрілер, өз беттерінше 
өспе туындатпай, өспеге айналған жасушалардың өсіп-өсуін 
күшейтеді. Оларды промоторлар дейді. 
Эстрогендер 
әрі 
өспе 
өсуіне 
күшейткіш, 
әрі 
жасушалардың өсіп-өнуін қадағалайтын гендерге уытты әсер 
етеді. Олардың гендерге уытты әсері әйелдердің жасы 
ұлғаюы кездерінде эстрогендерді қабылдайтын рецепторлар 
азайғанда және бұл гормондардың алмасуы өзгергенде 
(катехолэстрогендердің 
бос 
радикалдары 
құрылғанда) 
байқалады. Кексе әйелдер эстрогендерді ұзақ қабылдаудан 
жатырда обыр өспесінің даму қаупі 4-8 есе артады. 
Дәрілер 
иммунитетті 
әлсіретіп, 
өспеге 
қарсы 
организмнің 
төзімділігін 
азайтады. 
Мәселен, 
иммунодепрессанттарды қолданудан өспе өсуі жүздеген есе 
жиілеп кетеді. 
Дәрілердің 
өспе 
туындататын 
әсері 
әлі 
толық 
зерттелмеген. Жорамал бойынша олар жасушалардың өсіп-
өнуін 
қадағалайтын 
гендердің 
(протоонкогендердің, 
супрессор-гендердің, 
апоптоздың 
гендерінің) 
нүктелі 
мутациясын туындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет